Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары21.12.2023

Plenitude Қазақстанда қуаты 50 МВт алғашқы күн электр станциясын салтанатты түрде ашты

Астана (Қазақстан), 2023 ж. 27 қыркүейек - Plenitude (Eni) компаниясы бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының және Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альбертидің қатысуымен, Түркістан облысы, Шәуілдір кентінің маңында орналасқан, Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің алғашқы күн электр станциясының салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

Орнатылған қуаты 50 МВт құрайтын электр станциясы Plenitude-тің халықаралық портфелін, сонымен қатар компанияның еншілес кәсіпорны «Arm Wind» ЖШС арқылы Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері секторында қатысу үлесін одан әрі кеңейтеді.

Стефано Гоберти, Plenitude-тің бас атқарушы директоры, «Шәуілдір күн электр станциясының құрылы- сы - Plenitude-тің Қазақстандағы күн энергетикасы секторындағы алғашқы маңызды қадамы. Электр станциясы өңірге осы саладағы ең озық технологияларды ұсына отырып, Түркістан облысының дамуына ықпал етеді. Бұрын іске асырылған екі жобаны (компания 2020 және 2022 жылдары пайдалануға берген Бадамша-1 және Бадамша-2 жел электр станциялары) толықтыратын осы жоба Қазақстанның қазіргі энергетикалық ауысу процесіне және көміртектік бейтараптық мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізеді», деп атап өтті.

100 гектар аумақты алып жатқан кун электр станциясында жылына 90 ГВтсағ электр энергиясы өндіріледі. Станса 93 000-нан астам күн панелі мен қосалқы электр станциясын қамтиды. Бұл тораптар ұзындығы 7,5 км электр тасымалдау әуе желісі арқылы жергілікті желіге біріктіріледі.

Plenitude - Eni-ге тиесілі және пайда мен әлеуметтік-экологиялық мақсаттар арасындағы теңгерімді сақтауға ұмтылатын («қоғамға пайдалы корпорация»), жаңартылатын энергия көздерінен энергия өндіруді, энергетикалық қызметтерді сатуды және электромобильдерді зарядтау стансаларының кең желісін біріктіретін компания. Компанияның жаңартылатын энергия көздері нысандарының орнатылған қуаты 2,5 ГВт және оның мақсаты - 2026 жылға қарай 7 ГВт-тан және 2030 жылға қарай 15 ГВт-тан асатын орнатылған қуатқа жету. Plenitude Қазақстанда өзінің еншілес компаниясы, жиынтық операциялық қуаты шамамен 150 МВт құрайтын «Arm Wind» ЖШС арқылы жаңартылатын энергия көздері секторында жұмыс атқарады.

 

31.10.2024
Hyundai Motor 20 жылдық келісімшартпен жылына 610 ГВт/сағ жаңартылатын энергия сатып алады
31.10.2024
Сауд Арабиясында күн батареяларын шығаратын ірі зауыт салынады
31.10.2024
Испанияда энергияны 60%-ға дейін тиімді айналдыратын рекордтық күн элементі жасалды
30.10.2024
IFC ACWA Power-ға Өзбекстанда ЖЭК дамыту үшін $240 млн бөлді
30.10.2024
Сусын өндірушілері ЖЭК бойынша альянс құруда
30.10.2024
Wood Mackenzie есебі: «таза нөл» және 1,5°C мақсаттарына жету үшін $78 трлн қажет
30.10.2024
Орталық Азия жаңартылатын энергияға сұранысты қанағаттандыруда жаһандық рөл атқара алады
29.10.2024
QatarEnergy мен TotalEnergies Иракта қуаты 1,25 ГВт болатын күн энергетикалық жобасы бойынша келісімге қол қойды
29.10.2024
22 экобастама Қазақстандағы ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасы шеңберінде гранттар алды
29.10.2024
Польшада күн панельдерін мұзданудан қорғайтын жаңа жабын жасалды
29.10.2024
ДМҰ: 2023 жылы парниктік газдардың концентрациясы жаңа рекордтық деңгейге жетті
28.10.2024
АҚШ-та СО2-ні ауадан тиімді сіңіруге арналған ұнтақ жасалды
28.10.2024
Қазақстанда халықаралық Powerexpo Almaty 2024 көрмесі өтеді
28.10.2024
ЕО шығарындылар квоталарын сату арқылы алынған €4,8 млрд net-zero жобаларына инвестициялайды
28.10.2024
ЖЭК компаниялары мұнай компанияларынан пайда бойынша озып кетті
23.10.2024
Әзербайжан мен Huawei ЖЭК пайдаланатын деректер орталығын құруды жоспарлауда
23.10.2024
Сингапур Австралиядан су асты кабелі арқылы күн энергиясын импорттауды мақұлдады
23.10.2024
ХЭА Сингапурде алғашқы аймақтық кеңсесін ашады
22.10.2024
Испанияда галлий фосфиді мен титаннан 60% тиімділігі бар қуатты күн элементі жасалды
22.10.2024
Якутияда жыл соңына дейін үш гибридті энергия кешені іске қосылады