Білім және ғылым

Білім және ғылым06.06.2023

«Qazaq Green» ЖЭК мектебі мемлекеттік қызметшілер мен энергетиктердің құзыретін арттырады

Заманауи трендтерді – ел экономикасын көміртексіздендіру мен «таза» энергияға деген сұраныстың артуын ескере отырып, әр түрлі нысаналы топтарды оқыту мен ақпараттандыру қажеттілігі өзекті болып отыр. Қысқа мерзімді курстарда оқыту перспективалары туралы біз «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Басқарма төрайымы Айнұр Соспановамен әңгімелестік.

– Айнұр Сапарбекқызы, қазіргі кезеңде қысқа мерзімді курстарда білім беру неліктен өзекті болып отыр?

– Соңғы уақытта жаңартылатын энергетикаға сұраныстың артуы байқалады, оның әлеуеті барған сайын маңызды бола түсуде. Осыған байланысты алдағы 20 жылда осы тақырып бойынша қысқа мерзімді оқыту курстары өнеркәсіп үшін маңызды болады деп айтуға болады. Тіпті, жақында жоғары оқу орындары мен колледждерді бітірген түлектер де жұмыс орнында білімдерін жаңартуы тиіс. Бұл үшін оларға үздіксіз кәсіптік білім беру курстары қажет болады.

Осы қажеттілікті ескере отырып, біздің Қауымдастық Qazaq Green ЖЭК мектебін ашты.

Курс икемділік қағидатын ескере отырып әзірленді. Бұл курсты жаңартылатын энергетика саласындағы жаңадан бастаушыларға да, білімдерін жаңартқысы келетін тәжірибелі мамандарға да бейімдеуге болатындығын білдіреді.

– Qazaq Green ЖЭК мектебін құру идеясы қалай пайда болды?

– Нарық қатысушыларымен, шешім қабылдаушылармен, компаниялармен және корпоративтік сектормен бірлестікте жұмыс істеу барысында біз көптеген адамдар жаңартылатын энергия көздерінің не екенін, оларды пайдаланудың қандай артықшылықтары бар екенін, жобаларды қалай іске асыру керектігін білмейді, түсінбейді деген қорытындыға келдік.

Біз Қазақстандағы энергетикалық ауысу процестеріне жұртшылық, халық, корпоративтік сектор белсенді қатысатынына дайындалуымыз керек. Бұл «таза» энергия көздеріне көшу прагматикалық, тегіс, жұмсақ сценарий бойынша жүруі керек, өйткені мұның бәрі инвестицияларды тартуға да, тарифтерге, электр жүйесіне және жалпы жер климатына да әсерге қатысты. ЖЭК туралы құзыреттілік пен ақпараттың болмауы осы процестердің басты сын-қатерлерінің бірі болып табылады. Адамдардың энергетикадағы «жасыл» технологиялармен жұмыс істеудің жаңа білімдерін, негіздерін, дағдыларын алуы маңызды, сондықтан біз «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығындағы жаңартылатын энергетика мектебі соңғы жылдары жүргізген жұмысымыздың қисынды жалғасы болады деп шештік.

Біз жаңартылатын энергиямен байланысты білімді теоретиктер емес, практикалық тәжірибесі бар адамдар беруі керек деп санаймыз. Бізге, жаңартылатын энергетиканы қолдау туралы заңнаманы әзірлеумен айналысқан, Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асырған және тұрғызған, инвестициялар тартқан сарапшыларда бұл салада білімді қажетсінетін адамдарға беретін нәрсе көп және мұны біздің мектепте іске асыра аламыз деп санаймыз.

– Нарықта осындай курстар бар ма? Qazaq Green ЖЭК мектебінің мақсаттары мен міндеттеріне тоқталсаңыз.

– Ұқсас қысқа мерзімді курстар, әрине, университеттер базасында бар.  Бірақ біздің курстарымыздың айырмашылығы - бізде жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыруда практикалық тәжірибе бар. Екінші маңызды сәт бар. Біз Қауымдастықтың кеңсесінің аумағында ЖЭК полигонын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, онда тыңдаушылар тәжірибеде ЖЭК әр түрлі технологияларымен көрнекі таныса алады, жаңартылатын энергияның дайын қондырғыларымен немесе макетте жұмыс істей алады, стендтерден осы энергия көздерінің жұмыс істеу қағидаттары туралы ақпарат ала алады. Бұл өте маңызды, әсіресе өз үйінде жаңартылатын энергия көздерін орнатқысы келетін немесе оны фермада қолданғысы келетін адамдар үшін.

Мысалы, фермерлерге қондырғының қалай жұмыс істейтінін, оған қалай қызмет көрсету керектігін, технологиялық шешімге қатысты қандай ерекшеліктер бар екенін көру пайдалы. Ең бастысы - бұл қондырғыны қалай сүйемелдеу керек, өйткені қондырғылар дұрыс жұмыс істемейді, оларды сарапшылардың қатысуынсыз сүйемелдеу мүмкін емес деген көптеген қауесеттер бар. Шын мәнінде, бұл қондырғылар сүйемелдеу және техникалық қызмет көрсету үшін өте қарапайым. Дәл осы курстарда біз осындай «қауесеттерді» жоққа шығарғымыз келеді.

– Сіздің мектебіңіздің мақсатты аудиториясы кім? Бұл курс жастарға пайдалы бола ма?

– Менің ойымша, біздің мақсатты аудиториямыз өте кең. Егер құрылымдайтын болсақ, мен бірінші кезекте жаңартылатын энергетика мен климаттың өзгеруіне байланысты саясатты әзірлеу мен іске асыруды қамтитын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне осы курстардан өтуді ұсынар едім. Мысалы, әкімдіктер өз функционалы шеңберінде жаңартылатын энергетика жобаларын іске асырғысы келетін инвесторлар үшін жер учаскесін бөлуге міндетті. Мұнда өте қарапайым сұрақтар туындайды: жер учаскесінің өлшемі қандай болуы керек, осы жер учаскесін бөлу кезінде нені ескеру керек, инвесторлар осы нысанды салғысы келетін жер учаскесінің әлеуетін қалай есептеу керек деген тәрізді. Әкімдік қызметкерлері, ең болмағанда, жаңартылатын энергия көздерінің негіздерін білуі, осындай жобаларды қалай іске асыру керектігін түсінуі және осы саладағы мемлекеттік саясат қағидаттарын тұтастай түсінуі тиіс.

Екінші санат – корпоративтік сектордың өкілдері. Бізде көптеген компаниялар бар – мұнай, мұнай-газ, тау-кен металлургиялық. Олар бүгінде парниктік газдар шығарындыларын қалай азайтуға, өндірілетін өнімнің көміртегі ізін төмендетуге болатындығы туралы сұрақ қоятын ірі электр тұтынушылары. Міне, CO₂ шығарындыларын азайтудың ең тиімді әдістерінің бірі – «лас» көмір өндірісінің орнына жаңартылатын энергия жобаларын жүзеге асыру.

Бұл компаниялар ЖЭК-ті ескі энергия көздерімен алмастыра алады және осылайша дайын өнімдерінің көміртегі ізін азайтады. Корпоративтік сектор компанияның шығарындыларды азайту стратегиясы туралы ойланбас бұрын ЖЭК негіздерін түсінуі керек.

Үшінші санат, әрине, бүгінде мамандық таңдау жолында тұрған жастар. Осы тұрғыдан алғанда, олар осы курстарда оқуға қызығушылық танытуы мүмкін. Алған білімдерінің арқасында жастар ЖЭК-пен байланысты мамандықты таңдай алады. 

«Жасыл» энергетика секторының айналасында ЖЭК-пен байланысты көптеген мамандықтар бар – бұл жаңартылатын энергетика жобаларымен жұмыс істейтін заңгерлер, қаржыгерлер, бұл жобалау институттары, консалтингтік компаниялар. Жастар үшін алдағы 10-30 жылда көптеген мамандықтар жойылып, энергетикалық ауысуға байланысты «таза» энергетикамен байланысты мамандықтар, керісінше, дамитынын түсіну маңызды.

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге міндеттеме алды. Тиісінше, осы стратегиялық курсты орындауға мүмкіндік беретін секторлар дамиды. Жаңартылатын энергетика негіздерімен байланысты курстарда оқу арқылы жастар өз ойлауын өзгертіп, «жасыл» экономика секторларында жұмыс істеуге ұмтылады.

Осылайша, біздің Qazaq Green ЖЭК мектебі өз үлесін қосып, Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіне ықпал ететін болады.

– Мазмұнды әңгімеңіз үшін рахмет. Qazaq Green ЖЭК мектебіне табыс тілейміз!

11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу