Сарапшылардың пікірі

Сарапшылардың пікірі25.12.2023

Неліктен су – адамзаттың ең құнды ресурсы?

Энергиялық ауысу және жаңартылатын энергия көздеріндегі электр станциялары санының өсуі Қазақстанда өндірілетін металдарға үлкен сұраныс туғызады. Бірақ климаттың өзгеруі мен жаһандық жылынуды ескере отырып, металлургия үшін маңызды ресурс тек кеннің өзі ғана емес, су да болып табылады.

Біздің елімізде су тапшылығы болжануда, бұұдан әрі жағдай тек нашарлауы мүмкін. Су мәселесімен не істеу керектігі және өзендер мен көлдерге күтім жасауды экономиканың дамуымен қалай үйлестіру керектігі туралы Qazaq Green Линкольн су және планетарлық денсаулық орталығының сарапшылары – профессорлар Марк Маклин мен Крис Томаспен әңгімелесті.

Qazaq Green: Сізден сұхбат алу мүмкіндігі үшін алғысымды білдіремін. Менің бірінші сұрағым келесідей болады: Сіз Линкольн су және планетарлық денсаулық орталығы (LCWPH) туралы, қандай проблемалар көтеріп жатқаныңыз және қандай зерттеулер жүргізіп жатқаныңыз туралы айта аласыз ба?

22.jpg

 Профессор Крис Томас

Профессор Крис Томас: Планетарлық денсаулық – бұл салыстырмалы түрде жаңа пән. Идеясы – дағдарыс адамдардың әлемі мен денсаулығына әсер етеді. Мысалы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, биоалуантүрлілік дағдарысы, жерді пайдаланудың өзгеруі – бұл факторлар өзара байланысты және оларды бірге қарастыра отырып, біз тұрақты шешімдерді таба аламыз.

Планетарлық денсаулыққа деген көзқарастың мақсаты – адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына, сондай-ақ біздің өркениетіміз бен мәдениетімізге назар аудару. Бұл тәсіл – бәрімізді тартатын пәнаралық ойлау, сондықтан бұл жай ғана ғалымдар қауымдастығы емес.

Біз тұрақты мақсаттарға қалай қол жеткіземіз? Біздің орталық – Ұлыбританиядағы салыстырмалы түрде жас университет, бірақ Линкольн университеті сияқты жаңа университеттер жаңа топтармен жаңа міндеттерді шеше алады.

Біз Линкольн университетіне көшіп, сол жерде география факультетін құрдық және әріптестерімізбен бірге осы пәнаралық жұмыстармен айналыстық. Біздің орталық өзендерге, әсіресе ірі өзендерге, Ұлыбританияға және біз жұмыс істейтін кейбір елдер мен аймақтарға, соның ішінде Оңтүстік Африкаға, Орталық Азияға және Австралияға қызметкерлер желісі арқылы маманданған.

Әлбетте, егер Сіз соншалықты үлкен нәрсеге кіріскіңіз келсе, онда халықаралық желі қажет. Біздің жұмысымыз әлемнің түрлі елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан келген қызметкерлермен халықаралық сипатқа ие.

Біздің миссиямыздың бір бөлігі осында және Ұлыбритания Елшілігінің бізді сөз сөйлеуге шақыруының себебі – үлкен және күрделі міндеттерді шешу үшін жаңа желілер құру. Біз жұқпалы ауруларға, микробқа қарсы төзімділікке назар аударамыз, бірақ біздің жұмысымыздың көп бөлігі су жолдарының ластануы болып табылады.

Жасыл энергияға көшу үшін бізге «жаңа металдар» деп аталатын минералдар қажет. Біз олардың өндірісінің жалғасқанын қалаймыз, өйткені тау-кен өндірісі экономика үшін пайдалы және олар қазіргі қоғам мұқтаж нәрсенің бәріне қажет.

Біз оларды жауапкершілікпен өндіре аламыз. Мен Қазақстан осы салада көшбасшы болады деп үміттенгім келеді. Сіздің еліңіз де жауапты өндіру науқанын басқарады.

Бірақ 100 жыл бұрын индустриалды дәуірде қарқынды өндіріс орын алған жерлерде проблема бар. Біз ластануды мұра етіп алдық және бұл проблеманы шешудің жолдары бар. Қазақстанда ұқсас жағдай бар, біз оның не екенін және оның салдары қандай екенін түсінуіміз керек. Содан кейін болашақта жауапты пайдалы қазбаларды өндіру қалай жүретінін зерттеу маңызды.

Бұл – біздің орталық үшін үлкен бағыт, егер ауыл шаруашылығында, энергетикада немесе ішу үшін қолданылатын сумен байланысты болса, біз оны қамтуға тырысамыз.

QG: Қазақстандағы статистика судың 66%-ын ауыл шаруашылығы, 30%-ын өнеркәсіп объектілері және тек 4%-ын халық тұтынатынын айтады. Егер біз жалпы тұрақты даму мақсаттары, жалпы мемлекеттің қауіпсіздігі туралы айтатын болсақ, онда мемлекет өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін суды тұтыну деңгейін төмендету бойынша қандай шараларды қолдануы керек?

Профессор Крис Томас: Сіз суды көп тұтынатын ауыл шаруашылығынан бастадыңыз. Бұл жаһандық проблема – қоршаған орта өзгерген сайын белгілі бір дақылдарға қолайлы климат өзгереді.

Тауарлық дақылдарды өсіру үшін пайдаланылатын суару судың көп бөлігін буландырады. Ол қазірдің өзінде ескірген болуы мүмкін және дақылдың басқа түрлеріне көшу керек. Генетикалық түрлендірілген дақылдар болсын немесе суды үнемдейтін дақылдарды алу үшін жаңа дәстүрлі селекция болсын, бүкіл әлемде жаңа сорттарды дамытуда үлкен жетістіктер бар.

Сондықтан, менің ойымша, ауыл шаруашылығының болашағы өте жарқын, оның ішінде су тапшылығы бар аудандарда, бірақ ол жаңа шындыққа бейімделуі керек.

32.jpg

 Профессор Крис Томас

Профессор Марк Маклин: Сіздің сұрағыңызға орала отырып, менің ойымша, су ресурстары мен ауысу қажеттілігі арасында белгілі бір байланыс бар және мен оны жиі жасыл энергияға көшумен байланыстырамын.

Біз экологияландыру тұрғысынан түсінуіміз керек кейбір проблемалар бар деп ойлаймын. Климаттың өзгеруінің әсерін де түсіну керек.

Біз суды жауапкершілікпен пайдалана аламыз, бірақ іс жүзінде ресурстар азаюда. Сондықтан біз кейбір елдердің бейімделу бағытында қозғалуымыз керек. Қазақстандағы энергия өндірісі, Сіздің еліңіздегі жаңартылатын энергия көздері және Қазақстанның өзі әдеттегі емес. Қазақстан теңізге шыға алмайды. Өзендер теңізге құйылмайды.

Сондықтан Сізде теңіздегі жел электр станциялары және т.б. жоқ. Бірақ бұл технологиялардың барлығына металдар қажет. Металл өндірісінің тағы бір серпілісі болады, бұл өнеркәсіптік революция кезінде байқағанымыздан да көбірек болуы мүмкін. Егер біз мақсатымызға жетсек, онда біз қазба отынымен энергия өндіруден шынымен бас тарта аламыз.

Еуразия маңызды пайдалы қазбалар тұрғысынан өте тиімді жағдайда деп айтуға болады. Дегенмен, металдарды өңдеу тұрғысынан су қажет.

Біз пайдалы қазбаларды жауапты өндіруді қолдаймыз және Қазақстанның жер қойнауын игеруде көп жылдық тәжірибесі бар екенін білеміз. Нәтижесінде ел өзендерінің едәуір бөлігінде қалдық ластану байқалады.

Жасыл энергетикаға көшуге келетін болсақ, біз Ұлыбританияда болған осындай проблемалар Азияда және пайдалы қазбалар өндірісі жүріп жатқан басқа аймақтарда қайталанбайтынына көз жеткізуіміз керек.

Бүгін біз су, маңызды минералдар мен климаттың өзгеруі арасында байланыс бар деп айтуға тырысамыз. Бірақ егер біз оны еңсере алмасақ және осы факторлардың барлығын біріктірмесек, онда біз бірінші өнеркәсіптік революция кезінде кездескен проблемаларды қайталаймыз, бірақ әлдеқайда кең ауқымда. Линкольн су және планетарлық денсаулық орталығының ұмтылысының бір бөлігі осындай бірлестіктен тұрады.

Біз өзімізді осы қатынастарды түсіну тұрғысынан көрсеткеніміз маңызды. Біз бірдей қателіктер жіберуіміз мүмкін, бірақ бізде басқаша әрекет ету мүмкіндігі бар.

Енді Крис, мен және әріптесіміз Пим Мартинс басқаратын Walter and Planetary Health Analytics деп аталатын коммерциялық бөлімшеге көшейік. Крис – эколог, мен өзендер мен су тасқыны проблемаларын зерттеймін, ал Пим – әлеуметтанушы. Біз бәріміз климаттың өзгеруімен айналысамыз. Мен бұл салада 40 жыл жұмыс істедім және бәрі тез өзгеретініне сенбедім.

QG: Егер біз металлургия және тау-кен өнеркәсібі туралы су тұрғысынан айта бастасақ, мен келесі сұрақты басқаша қояр едім. Еуропадағы энергетикалық дағдарысқа байланысты көптеген елдер келесі энергия көзі сутегі болады деген ортақ пікірге келген сияқты.

Көптеген елдер сутегі өндірісі туралы ойлайды, бірақ бұл процесс көп суды тұтынуды көздейді. Біздің еліміз үшін су тапшылығы проблемасы өте маңызды. Бұл су ресурстарына, қоршаған ортаға және әр түрлі аймақтарға қалай зиян тигізуі мүмкін?

Профессор Крис Томас: Егер Сіз мұхитқа жақын орналасқан Ұлыбритания немесе Сауд Арабиясы сияқты елдер туралы айтатын болсаңыз, онда бұның мәні зор, өйткені Сіз құбырыңызды теңізге түсіре аласыз. Өйткені, су өте құнды – мұны түсіну үшін көптеген елдерге бару керек. Ол тамақ дайындау үшін қажет. Ол қоршаған ортаны сақтау үшін қажет. Бұл адамдарға шөлін қандыру үшін қажет және оны басқа салаларда да қолдануға болады. Бұл біздің ең құнды ресурсымыз болуы ықтимал.

Ал Сіз құрлықтың ішкі бөлігінде тұрып, су тапшылығы проблемаларына тап болсаңыз, экожүйеден бірек су алып жатқанын қарапайым бақылау қиынға соғады. Менің түсінуімше, су – енді циклдің бір бөлігі емес. Мен жай ғана жауап беремін: иә, бұл – проблема.

Профессор Марк Маклин: Су мен сандарға келетін болсақ, біз бұл тақырыпты бүгінгі алғашқы кездесуімізде талқыладық. Мен гидроклимат және климаттың өзгеруі тұрғысынан айтарым, Қазақстан – үлкен ел.

Климаттың өзгеруінің салдары тұрғысынан бәрі біркелкі емес: Каспий теңізі аймағындағы өзендердің климаты елдің орталығындағы климаттан айтарлықтай ерекшеленеді. Мұнда гидроклимат өте күрделі және ол әр түрлі жолдармен өзгереді.

Мен Қазақстанның өз теңізі жоқ екенін біле тұра, осының бәрі туралы ойланар едім. Сондай-ақ, біз Арал теңізімен не болғанын білеміз және Балқаш көлімен не болып жатқанын көреміз. Барлығын сақтықпен іске асырып, климаттық траектория қандай болатынын түсіну керек. Менің ойымша, проблема осында.

04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды