Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары22.12.2022

Қазақстандағы «жасыл» сутегінің әлеуеті

Едіге Тағаев, магистрант, Қазақстан-Неміс университеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында этап өткендей, біздің еліміз өнеркәсіп пен экономиканы экологияландырудан тыс қала алмайды. 2030жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болжанып отыр, осыған байланысты базалық энергия өндірудің сенімді көздеріне шұғыл қажеттілік бар. Сондықтан «жасыл» сутегіні өндіру, Президент мәлімдегендей, көптеген мақсаттарда, соның ішінде көміртегі бейтараптығы мақсатына жетуде перспективалы бағытқа ие. Бұл мақалада біз Қазақстандағы «жасыл» сутегінің әлеуетіне тоқталамыз.

БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазақстан климаттың өзгеруі жөніндегі түрлі халықаралық келісімдердің қатысушысы бола отырып, атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын азайтуға зор үлес қосуда. Дегенмен, парниктік газдар шығарындыларын жаһандық атмосфералықзерттеулердің (Edgar Emissions Database for Global Atmospheric Research) 2020 жылғы деректеріне сәйкес, парниктік шығарындылардың ~ 75% көзі электр және жылу өндірісімен байланысты энергетикалық қызмет болып табылады. Бұл көрсеткіштерді азайту үшін энергетикалық секторды көміртексіздендіру арқылы көмірқышқыл газының нөлдік шығарындыларына қол жеткізу қажет. Бұған «жасыл» балама (сутегі) экономикаға көшу арқылы жетуге болады.

Көптеген сарапшылардың пайымдауынша, бұл сутегі өнеркәсіптік газбен, қатты тұрмыстық қалдықтармен, атом энергиясымен, көмір қабаттарының метанымен, биоотынмен, күн коллекторларымен, геотермалдықэнергетикамен, гидроэнергетикамен қатар баламалы энергияның әлеуетті маңызды көздерінің бірі болып табылады, оны пайдалану парниктік газдардың азаю көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда, баламалы энергия нарығын заңнамалық реттеуді дамыту қажеттілігін атап өткен жөн.

ҚАЗАҚСТАНДА «ЖАСЫЛ» СУТЕП НIҢ ДАМУ ӘЛЕУЕТІ

«Жасыл» сутегіні өндірудің негізгі шарттарының бірі су молекулаларын екі түрлі элементке (сутегі мен оттегі) белу процесі үшін жаңартылатын көздерден өндірілетін және пайдаланылатын судың, жердің және энергияның болуы. Бұл процесс судың электролизі деп аталады. Осылайша, «жасыл» сутегіні алу үшін кемінде мынадай үш ресурс болуы қажет: 1) су; 2) желдің, күннің, судың және жаңартылатын энергияның өзге де көздерінің көмегімен электр энергиясын өндіретін объект және З) ажырамас байланысқан объектілерді, жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндіру объектісін жене «жасыл» сутегіні, сондай-ақ басқа да қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды шығару процестері жүргізілетін өнеркәсіптік ғимаратты салуға арналған жер (аумақ).

Техника ғылымдарының докторы, «Әлемдік энергетика көшбасшысы» халықаралық қауымдастығының мүшесі М.Н. Қамбаров пен DBA, «KEGOC» АҚ Алматы ЖЭЖ докторанты А.Б. Төлеулиевтің «Сутегі энергегикасы, экспортқа шығару үшін Қазақстанда орналастыруалаңдарының негіздемесі» презентациясының деректеріне сәйкес, елде сутегі өндіруге барынша қолайлы өңірлер бар. Оларға еліміздің шығысындағы Қытаймен шекарадағы Жоңғар қақпасы, батысында Маңғыстау түбегі және елдің солтүстігінде Ерейментау жел дәлізі жатады.

Бұл учаскелердін, әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар. Мысалы, Жоңғар қақпасы әлемніңбасқа елдерімен салыстырғанда жеті есе көп энергия жинауға болатын сарқылмас жел ағынымен танымал. Қытай мен Ресейді байланыстыратын көлік-инфрақұрылымдық ыңғайлылықтардың жақын орналасуы да пайдалы. Маңғыстау облысының артықшылықтарына Каспий су ресурстарының үлкен қорларынан басқа, күн және жел энергетикасын пайдалану мүмкіндігі жатады. Ақмола облысында орналасқан Ерейментауға келетін болсақ, бұл өңірдің ерекшеліктеріне жел энергетикасы жатады.

2017 жылғы жағдай бойынша «Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияның су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасына нысаналы көрсеткіштер (Қазақстан Республ икасы)» жобасының деректеріне сәйкес: «республикада 39 мыңға жуық өзендер мен уақытша суағындары бар, олардың7  мыңнан астамының ұзындығы 10 км-ден асады. Қазақстан өзендерінің басым бөлігі Каспий және Арал теңіздерінің, Балқаш, Алакөл жәнетеңіз көлдерінің ішкі тұйық бассейндеріне жатады. Тек Ертіс өзені Солтүстік Мұзды мүхит бассейніне жатады.»

«Қайтпа сулардың негізгі саны Сырдария (47%) және Ертіс (34%) бассейндерінің өзендеріне түседі, қалған көлемі Іле(8%) және Нұра (11%) өзендеріне келеді.»

Әлемдік ресурстар институты сарапшыларының 2015 жылғы 26 тамыздағы «2040 жылы ең көп су тапшылығы бар әлем елдерінің рейтингі» зерттеулеріне сәйкес, Қазақстан су тапшылығының ең көп үлесі болжанатын анықталған 33 елдіңішінен 20-орынды алады.


Бұл ретте, Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәй кес, Қазақстанның су ресурстарының 2030 жылға қарай 16%-ға (90 млрд текше метрден 76 млрд текше метрге дейін) төмендеуі болжануда. Бұл проблеманы шешу үшін мемлекет бірқатар шаралар қабылдады, соның ішінде климаттың өзгеруінен қолайсыз салдарлар мен залалдарды болдырмау мақсатында климаттың өзгеруіне жаңа «бейімделу» терминің енгізе отырып, жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Алайда, осы бағыт бойынша міндеттерді орындау су ресурстарын сақтау мақсатында ұжымдық-саналы іс-қимылды талап етеді.

Соған қарамастан, суға қол жеткізудің ықтимал шектелуі Қазақстанда жасыл сутегіні өндіру жөніндегі өзжобаларын іскеасырусатысында тұрған бірқатар ірі инвесторлар үшін тосқауыл болған емес. Бұған қоса, Қазақстан түрлі тәуелсіз зерттеулердің бағалауы бойынша «жасыл сутегі экспортының әлеуеті тұрғысынан елдердің алғашқы ондығына кіреді».

Алайда, жалпыға қолжетімді деректерге сүйене отырып, қазір инвесторлар «жасыл» сутегіні өндірудің, «жасыл» сутегіден өндірудің, «жасыл» аммиактан өндірудің ықтимал жобалары мақсатында елдің орталық-батыс және батыс бөліктерін зерттеуді жөн көреді, ал кейбір инвесторлар Қазақстанның осы өңірлеріне қатысты белгілі бір негіздемелік келісімдерге қол қойды.

ЗАҢНАМА/ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚОРҒАУ/ ЖЕҢІЛДІКТЕР МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін қолдау саласындағы заңнама жеткілікті дамыған. Соңғы жылдары ол айтарлықтай жақсарды, шетелдік инвесторлар үшін де, отандық инвесторлар үшін де тартымды болды. Сонымен қатар, Қазақстанда «жасыл» сутегі өндіруге бағытталған инвесторлар баламалы энергия көздерін қолдауды немесе «жасыл» сутегі өндірісін қолдауды реттейтін заңнаманың болмауына байланысты жаңартылатын энергия көздері туралы заңнамаға сүйенетінін атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2030 жылға қарай өндірілетін энергияның жалпы көлемінің 10%-на, ал 2050 жылға қарай 50%-ына жетуі тиіс. Үкімет ЖЭК жобалары үшін аукциондар тұжырымдамасын енгізді және өндірілген барлық энергия ұлттық желіге сатылады.

Алайда, аукциондар мен энергияны ұлттық желіге сату түжырымдамасы «жасыл» сутегі әуесқойлары үшін қолайсыз. Инвесторлардың ЖЭК объектілері өндіретін энергияның тек сутегі өндірісіне бағытталуын қамтамасыз ету үшін «арал желісі» тұжырымдамасын құру қажет. Қазақстан Үкіметі өндірілген барлық ЖЭК энергиясы басқа қажеттіліктерге емес, тек сутегін өндіруге бағытталуы үшін жағдай жасауы тиіс. Әзірге заңнамада басқа нормалар жазылған.

Осы талаптарды айналып өту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті өкілі мен инвестор арасында екіжақты халықаралық шарт жасасу қажет. Бұл ретте мұндай шарттың міндетті шарты оны Қазақстан Республикасының ратификациялауы болып табылады, өйткені «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар ы туралы» ҚР Заңының ережелеріне сәйкес мұндай шарттың ережелері Қазақстан заңнамасында белгіленген ережелер алдында басым күшке ие болады.

Бүған қосымша, инвестицияларды қорғау бөлігінде жеңілдіктер мен артықшылықтар беру (салықтық жеңілдіктер, кедендік жеңілдіктер, кредиттік және ақшалай жеңілдіктер, шетел валютасын пайдалану, шетелдік жұмыс күшін тарту және т.б.) халықаралық шартқа бөлек енгізілуі мүмкін.Үлттық реттеу бөлігінде мемлекет инвестицияларды қорғауға, сотқа, оның ішінде төрелікке еркін жүгіну құқығына кепілдік береді. Қазақстан Республикасы көптеген халықаралық шарттардың тарапы болып табылады, олардың ережелері халықаралық шартқа қатысушылар арасындағы қатынастарға қолданылуы мүмкін.

Осылайша, жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасы жеткілікгі икемді деген қорытынды жасауға болады, ал ұлттық мүдделер мен саяси ерік-жігер болған жағдайда мемлекет ұлттық заңнамада көзделгеннен өзге шарттарға келісе алады. Бұл инвестицияларды қорғау бойынша ықтимал кепілдіктерді және сот даулары туындаған жағдайда халықаралық төрелік институттарға жүгінуді ескере отырып, сөзсіз, инвесторлар үшін үлкен артықшылық.

Мемлекет жоспарланған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға тікелей немесежанама ықпал ететін бірқатар басқа құжаттарды қабылдады. Айта кету керек, әлемдік аренадағы экономикалықжәне геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, мемлекет өз жоспарларын ұстанады. Инвестициялау үшін елді таңдағанда, мемлекеттік саясаттың бұл бағыты инвесторларға әсер етеді.

Халықаралық компаниялар «жасыл» сутеп өндіру саласы на инвестиция салу үшін Қазақстанды таңдайды.

2022       жылғы 6 қарашадан 18 қарашаға дейін БҰ¥ шеңберінде климаттың өзгеруі мәселесіне арналған әлемдік көшбасшылар конференциясы өтті. Конференцияда Қазақсган үшін айтулы оқиғалардың бірі «Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындагы турақты шикізат, батареялар және «жасыл» сутегі құнын құру тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы өзара түсіністік туралы» меморандум (бұдан әрі - «Меморандум») жасасу болды. Меморандумға Қазақстан Премьер-министрі (Әлихан Смайылов) мен Еуропалық комиссияның Президенті (Урсула фон дер Ляйен) қол қойды. Қазақстан Премьер-министрі: «Біздің елімізде еуропалық бизнес үшін тартымдылықтың барлық қажепі факгорлары бар, олардың ішінде энергияның артараптандырылған көздері мен транзиттік-көліктік әлеуеті жоғары,» - деп атап өтті.

Меморандумның 1-тарауының 3-тармағына сәйкес тараптар ынтымақтастық 2015 жылғы 21 желтоқсандагы «Бір жагынан, Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық одақ пен оның мүше мемлекеттері арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы» келісімнің 148-бабының ережелеріне толық сәйкес жүзеге асырылатынына келісті, яғни, ынтымақтастықты дамыту және нығайту транспаренттілік пен кемсітпеушілік қағидаттарын қүрметтеу,«шикізат материалдары мен энергетикалық тауарларды өндіру мен сатуға тікелей шетелдік инвестициялар үшін қолайлы» сауда үшін ең жақсы ортаны құру. Страгегиялық серіктесгіктің Жол картасын әзірлеу күтілуде, ол 2023    жылдың ортасына дейін жумысгың барлық келісілген бағыттары бойынша ынтымақтастық бойынша нақты іс-қимылдарды айқындауы тиіс. Конференция аясында Қазақстан үшін екінші маңызды оқиға Fortescue Future Industries (будан әрі-«FFI») компаниясымен «Жасыл сутегі өндірісі бойынша жобаларды іске асыру туралы» негіздемелік келісімге қол қою болды. Осы орайда бүрын қол қойылған меморандум FFI компаниясы мен Қазақстан Республикасы еуропалық нарыққа жасыл сугегіні тасымалдау (экспорту) мәселелерін реттейтін белгілі бір тірек нүктесі болады деп болжануда. Германия мен Қазақстан сыртқы ісгер минисгрлері арасындагы кездесуде 2022 жылгы 1 қарашада Германия өкілдері Асганада «Сутегі дипломатиям» бюросын (кеңсесін) ашу жоспарын жариялады. Қазақ тарапы бұл бастаманы қолдады. Кеңсе тәжірибе алмасу, мәселелерді шешуді қолдау, шығарындыларды нөлге дейін азайту мақсатын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен жауапты түлғаларды тарту орталығына айналады.

SVEVIND PROJECT

Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы мен Svevind тобының өкілдері 2021 жылдың қазан айында Швецияда Қазақстандағы «жасыл» сутегі жобасын дамытудыңЖол картасына қол қою үшін кездесті. Svevind Қазақстанда ЕО-ға ішкі тұтыну және экспорт үшін жылына 2 млн тонна «жасыл» сутегі өндіруді жоспарлап отыр. Кейіннен компания 30 МВтжаңартылатын энергия көздерін салады. Бұл жобаны іске асыру Қазақстанға 2030 жылға қарай әлемдегі «жасыл» сутегіні ірі өндірушілердің бірі болуға мүмкіндік береді. Жоба «Hyrasia One» деп аталды. Мұндай жобалар еліміздің Президенті жоспарлағандай 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №837 қаулысымен Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі және NEH eurasia GmbH [Svevind құрамына кіретін компания - автордың ескертпесі] арасында Маңғыстау облысында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыружәне «жасыл» сутегі өндіру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім мақұлданды.

Осы келісімнің шарттарына сәйкес тараптар әрбір таpaп жобаны іске асыруға, оның ішінде жер қатынастары, валюталық реттеу саласындағы заңнаманы реттеу, сыртқы инвестицияларды, бірлескен инвесторлар мен шетелдік жұмыс күшін тарту, импорт пен экспорт мәселелері, сутегі энергетикасы саласындағы заңнаманы құру және басқа да мәселелер бойынша барынша жәрдемдесу бойынша күш-жігер жұмсайтынына келісті. Бұл ережелер Қазақстанның инвесторларға ыңғайлы болу үшін заңнамалық жеңілдіктер жасау арқылы «жасыл» сутегі өндірісіне жәрдемдесуге және қолдау көрсетуге дайын екендігін көрсетеді.

Bloomberg халықаралық экономикалық жаңалықтар порталының ақпараты бойынша, 2022жылғы 27 қазанда Еуропалық кеңес президент Шарль Мишельдің Қазақстанға ресми сапары аясында «Жаңартылатын энергия мен «жасыл» сутегіні өндіру және тарату орталығын құру«жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Бұл орталық Маңғыстау облысында орналасқан. Келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ХАЙРЭЙЖАУАН» компаниясы қол қойды.

Svevind компаниясының  басшысы Вольфганг Кропп Қазақстанды өз жобасын іске асыру алаңы ретінде таңдауы бірқатар факторларға байланысты екенін атап өтті. Бүл, ең алдымен, ЖЭК-тен энергия өндірудің тамаша шарттары: жыл бойы тұрақты жел ағындары және күн энергиясын өндірудің жақсы шарттары, сондай-ақ «жасыл» сутегінің бір бірлігін өндіруге жұмсалатын шығындардың төмен шегі.

Жоба жоспарына сәйкес «жасыл» сутегіні өндірудің технологиялық процесінің басталуы 2030 жылға жоспарланған.                                                

HYDROGEN ALLIANCE

Қазақстанның«жасыл» сутегі альянсын құру туралы келісімге 2022жылғы 29 маусымда «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Жасыл» сутегі бойынша бірінші форумда қол қойылды. Альянс осы саладағы жобаларды жүзеге асыру кезіндетәжірибе алмасу және ортақ шешімдер іздеу арқылы тараптардың күш-жігерін біріктіруге арналған. Қауымдастықтың құрылтайшылары арасында Linde (Германия), Svevind Energy Gmbh (Германия), Roedl & Partners (Германия), Qazaq Gaz (Қазақстан), Atasu Group (Қазақстан), Green Spark LTD (Италия), АХҚО Жасыл қаржы орталығы (Қазақстан), GCA Partners (Қазақстан), Ajusa Hydrogen Technologies (Испания) және EOдан басқа халықаралық компаниялар болды.

Альянс қүрудан басқа, форумда өзге де келісімдерге, соның ішінде «Hydrogen Task Force және Investment Task Force Kazakh Invest француз қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге» және «Green Spark пен Graf Industries S.p.A. арасындағы Қазақстан ayмағында сутегімен алғашқы құю технологиясын әзірлеу туралы келісімге» қол қойылды.

Кездесуге уәкілетті және құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Бұл елдің сутегі өнеркәсібін дамытуға жоғары қызығушылығын, оның атмосфераның ластану көрсеткіштерін төмендетуге деген ұмтылысын, инвестициялау ортасын жақсартуды, инвесторлар тараптарының өкілдері арасында алмасу және кооперация үшін платформа қүруды және т.б. көрсетеді. Осылайша, мемлекеттарапынан да, инвесторлар өкілдері тарапынан да бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстанда «жасыл» сутегі индустриясын дамыту әлеуетінің тартымдылығы айтарлықтай артады деген қорытындыға келуге болады.

КҮТІЛЕТІН ЭНЕРГИЯ СҰРАНЫСЫ/ КӨМІРСУТЕКТЕР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ТӨМЕНДЕУІ

Әлемдегі геосаяси жағдай салдарынан Еуропаның әр түрлі елдерінің Ресей Федерациясынан тікелей жеткізілетін табиғи ресурстарды (энергия тасымалдаушыларды) сатып алудан және пайдаланудан ерікті түрде бастартуына байланысты энергия тасымалдаушыларға, соның ішінде баламаларға сұраныстың күртжәне орасан болуына әкеледі. Халықаралық энергетикалық агенттіктің есебінде ресейліктабиғи газды тұтынудың 50 млрд текше метрге азайғаны атап өтілді. Энергия бағасының өсуіне байланысты Еуропа елдерінің экономикалық ортасында бағаның жалпы өсуі болжануда. Бағаның күтілетін өсуі көптеген елдердің үкіметтерінің энергия көздерін таңдау және пайдалану тәсіліне шешімдеріне әсер етеді. Географиялық орналасуының арқасында Қазақстан жақын арада салыстырмалы түрде арзан энергия ресурстарын, оның ішінде «жасыл» сутегі мен «жасыл» аммиакты экспорттауға жақсы мүмкіндік алады. Мұның бәрі Қазақстан нарығын шетелдік инвесторлар үшін өте тартымды етеді.

Азия Даму Банкінің «Towards Hydrogen Economy in Kazakhstan» 2022 жылғы қазандағы № 1344 алдын ала есебіне (бұдан әрі «АДБ есебі») сүйене отырып, 2050 жылға қарай 660 миллион тонна деңгейінде сутегі энергия көздерін тұтыну бойынша болжам белгіленеді. Бұл ретте, дамыған елдер, соның ішінде Қытай Халық Республикасы мен Еуропалық одақелдері осы мерзімге дейін сутегі энергия тасымалдаушыларының 45%-на дейін тұтынатын болады (төменде 1-суретті қараңыз: 2050-2050 жылдардагы сутегі суранысы). 



Бір қызығы, шығарындыларды нөлдік көрсеткішке дейін азайту және тиісінше баламалы-жаңартылатын энергия көздеріне көшу жөніндегі жаһандық саясатпен қатар, Қазақстан аталған елдер арасындағы географиялық орналасуына байланысты және энергия тасымалдаушыларды түпкілікті тұтынушыға дейін сақтау, тасымалдау (логистика) мәселелерін ескере отырып, сутегіге сұранысты айтарлықтай жаба алады.

АДБ есебінің деректеріне сәйкес (есептің 7-кестесі) металлургия, химиялықөндіріс, көлік сияқты салаларда сутегі технологияларын қолдану жақын болашақта да, ұзақ мерзімді перспекгивада да көмірсутектер шығарындыларын азайту бойынша айтарлықтай нәтижелер береді. Осылайша, АДБ есебі сутегі технологияларын қолдану Қазақстан экономикасын көміртексіздендіру үшін басым бағытболып табылады деген қорытынды жасайды, алайда АДБ есебініңавторлары алдымен Қазақстанда сутегі технологияларын бастапқы экспорт арқылы қолдану үшін қаржы базасын құруды,содан кейін ішкі нарыққа назар аударуды ұсынады.

НӘТИЖЕСІНДЕ НЕ БОЛАДЫ?

Эрине, мұндай жаһандық заттарды талқылау кезінде инвестор «жасыл» сутегіні өндіру жобасымен және оны жеткізудің (экспорттың) одан әрі тізбегімен байланысты барлық тәуекелдер мен кедергілерді егжей-тегжейлі зерттей отырып, өз таңдауын жан-жақты қарауы керек. Жалпы, баламалы энергия, оның ішінде сутегі саласындағы заңнаманы белек әзірлеу қажет. «Жасыл» сутегі туралы түсінікгі тұжырымдама қажет, тек инвесторлардың тұжырымдары мен зерттеулеріне сенбеу үшін өзіндік зерттеулер қажет. Үкіметтің алдында осы бағытта үлкен және жан-жақты жүмыс, соның ішінде сутегін алу үшін пайдаланылатын су ресурстарының тепе-теңдігін сақтау міндеті тұр. Дегенмен, экологиялық таза сутегі индустриясының  өзі, оныңдамуы мен өндірісі мемлекеттік органдар өкілдері тарапынан да, бизнес-қоғамдастық тарапынан да энергетика индустриясының қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, көмірсутек бейтараптығына қол жеткізудің жаһандық бағыттарын негізге ала отырып, Қазақстан «жасыл» сутегі саласында дамуы, оны өндіру бойынша қабылданған  барлық стандарттарға сәйкес келуі қажет деп санаймыз.

Үкімет пен инвесторлар Қазақстанда «жасыл» сутегі жобаларын іске асыру үшін стратегия әзірлеп, белгілі бір күш-жігер  жұмсауға тиіс. Жалпы, біздің елімізде сутегі нарығының көшбасшысы болу үшін үлкен әлеует бар.

19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады
12.04.2024
Техаста СО2 мен судан отынның өнеркәсіптік өндірісі басталды
12.04.2024
ЕО жасыл ауысу үшін энергетикалық инфрақұрылымға €600 млрд инвестициялауы тиіс
12.04.2024
Ғарыштық күн энергиясы: SpaceX және General Motors бұрынғы инженерлері энергетика болашағын өзгертуде
12.04.2024
АҚШ таза энергияны пайдалануға рұқсат беру бойынша өз мақсатынан асып түсті
11.04.2024
Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды
11.04.2024
АҚШ-та сыртқы кванттық тиімділігі 190% күн панельдеріне арналған материал әзірледі