Орталық Азия жаңалықтары

Орталық Азия жаңалықтары07.03.2023

Қырғызстанда алты күн электр станциясын кім салады - компаниялар тізімі

QAZAQ GREEN. Қырғызстанда бірден алты күн электр станциясын салу жоспарлануда, олардың көпшілігін шетелдік компаниялар іске асыратын болады, деп хабарлайды Economist.kg  осы елдің энергетика министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Осылайша, «Бішкек Солар» компаниясы үшін Ыстықкөл ауданы Тору-Айгыр ауылындағы қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясын «Техногруппсервис» қазақстандық инжиниринг компаниясы салады.

Қазіргі уақытта Ресей-Қырғыз даму қоры (РҚДҚ) және шетелдік ұйымдар, оның ішінде Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ), «Газпромбанк» және «Юнигрин Энерджи» инвестициялау мәселесін пысықтауда. Құрылыстың басталуы 2023 жылдың наурызына жоспарланған.

Қытайдың Power Construction Corporation of China компаниясы бірден төрт ЖЭК нысанын салуды жоспарлап отыр:

·        Нарын облысында қуаты 100 МВт болатын «Мин Булак» күн электр станциясы. Күн ресурстары мен жер учаскесін зерттеу аяқталды, ТЭН туралы есеп дайындалуда;

·        Ыстықкөл облысының Тон ауданында қуаты 150 МВт болатын жел электр станциясы. Жел өлшеу мұнарасын салу және орнату аяқталды. Жел өлшеу деректерін жинау және талдау мен ТЭН 2023 жылы аяқталады;

·        Шу облысында Кемин ауданында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясы. Жергілікті билік органдарымен құрылыс алаңын анықтау бойынша келіссөздер жүргізілуде;

·        Ыстықкөл облысының Тон ауданында қуаты 500 МВт болатын күн электр станциясы. ТЭН дайындау аяқталды. Құрылыстың басталуы 2023 жылы жоспарланған.

Сондай-ақ, «Таза Энерджи» Ұлттық энергохолдингінің еншілес компаниясы қазақстандық TGS-Energy инвестициялық компаниясымен бірге Ыстықкөл облысының Тору-Айгыр ауылында қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясын салу үшін «Кун Булагы»  бірлескен кәсіпорнын құрғаны хабарланды.

Жобаны іске асыру үшін $7 млн көлемінде меншікті қаражат бөлінетін болады. ЕАДБ 12 жыл мерзімге $28 млн көлемінде қарыз қаражатын беруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жер учаскесін беру мәселесі пысықталуда.

Ыстықкөл облысында қуаты 1000 МВт болатын тағы бір фотоэлектрлік станцияны қытайлық China Power International Development Limited компаниясы салады. Қазіргі уақытта ТЭН әзірлеу аяқталды.

17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады
12.04.2024
Техаста СО2 мен судан отынның өнеркәсіптік өндірісі басталды
12.04.2024
ЕО жасыл ауысу үшін энергетикалық инфрақұрылымға €600 млрд инвестициялауы тиіс
12.04.2024
Ғарыштық күн энергиясы: SpaceX және General Motors бұрынғы инженерлері энергетика болашағын өзгертуде
12.04.2024
АҚШ таза энергияны пайдалануға рұқсат беру бойынша өз мақсатынан асып түсті
11.04.2024
Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды
11.04.2024
АҚШ-та сыртқы кванттық тиімділігі 190% күн панельдеріне арналған материал әзірледі
10.04.2024
Астанада USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының семинары өтті
10.04.2024
Өзбекстанда қуаты 500 МВт КЭС салынуда
10.04.2024
GIZ және ЖЭК мектебі: Қарағандыда энергетикалық ауысу үшін мамандар даярлау