Орталық Азия жаңалықтары

Орталық Азия жаңалықтары08.11.2024

Energy China Түрікменстанмен жасыл энергетика саласында ынтымақтасады

QAZAQ GREEN. Түрікменстанның «Құрылыс, өнеркәсіп және энергетика – 2024» халықаралық көрмесінде жетекші шетелдік компаниялар өз стендтерін ұсынды. Көрмеге Түрікменстанмен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан, сондай-ақ ел нарығына алғаш рет кіріп отырған компаниялар да қатысты, деп хабарлайды «Түрікменстан Золотой век».

Осы компаниялардың бірі — «China Energy Engineering Corporation» («Қытай энергетикалық инженеринг корпорациясы»), ол электр станцияларын салу бойынша маманданған ірі компаниялар тобын құрайды. «Energy China» қатарынан 11 жыл бойы Fortune 500 тізіміне енеді және «A+H» қор нарықтарында тіркелген.

Компания Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстан мен Өзбекстанда да белсенді жұмыс істейді, энергетикалық инфрақұрылым бойынша кешенді шешімдер ұсынады және фотоэлектрлік энергетика, газды электр станциялары мен құрылыс материалдары өндірісі салаларында жобаларды жүзеге асырады.

Ашхабадтағы көрмеде «Energy China» өкілі Сонг Тенгчао компанияның жасыл энергетика саласында тендерді жеңіп алғанын және енді Түрікменстанның Энергетика министрлігімен ынтымақтастықты бастайтынын мәлімдеді.

2021 жылдың наурыз айында Түрікменстанда «Жаңартылатын энергия көздері туралы» Заң күшіне енді, бұл күн мен жел секілді баламалы көздер арқылы электр энергиясын өндіру бойынша инновациялық жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Осыған орай, 2022 жылдың шілде айында Балқан уәлаятының Гызыларбат ауданында қуаты 10 МВт болатын көппрофильді күн және жел электр станциясының құрылысы басталды. Бұл Түрікменстанның жаңартылатын энергия көздерін дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

06.12.2024
Meta АҚШ-та төрт күн энергетикасы жобасынан жасыл сертификаттар сатып алады
06.12.2024
Қарағандыда мектеп жанында күн панельдері орнатылады
06.12.2024
Қытай бір жылда 260 ГВт жаңа күн панельдерін орнатты
05.12.2024
Қазақстан мен TotalEnergies Renewables ЖЭК саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда
04.12.2024
Жапониялық ғалымдар күн сәулесі мен суды пайдаланып, сутегі отынын өндірудің жаңа әдісін жасады
04.12.2024
Еурокомиссия декарбонизация жобаларына СТВ табыстарынан €4,6 млрд бөлді
04.12.2024
Қытайлық Sinoma EC International Өзбекстанда 300 МВт күн электр станциясын салады
03.12.2024
Қызылорда облысында күн және жел электр станциялары салынып жатыр
03.12.2024
Қазақстан мен Германия жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін күш біріктіруде
02.12.2024
Heart Aerospace 30 орындық электрсамолетін 2025 жылы ұшырады
02.12.2024
Ғалымдар күн энергиясын алуға әуе шарларын пайдаланбақ
30.11.2024
Жамбыл облысында жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін зауыттың құрылысы басталды
29.11.2024
Қытайда күн сәулесіз ауадан электр энергиясын өндіретін герметикалық контейнер жасалды
29.11.2024
Литва Украинада күн электр станцияларын салуға €5 млн бөлді
28.11.2024
Үндістан 12 айда 20 ГВт күн энергиясын іске қосты
28.11.2024
Оңтүстік Кореяның оффшорлық Jeonnam 1 жел электр станциясы алғашқы электр қуатын өндірді
27.11.2024
Қырғызстанда Токтогул СЭС-інде қалқымалы КЭС салынады
27.11.2024
Парламент Жетісу облысында ірі ЖЭС салу туралы құжатты қарайды
26.11.2024
«Жасыл» интернет: Google геотермалдық энергияға негізделген жобаны іске қосты
26.11.2024
Ørsted АҚШ-та күн электр станциясын іске қосып, прерияларды сақтау үшін 953 акр жерді берді