Орталық Азия жаңалықтары29.01.2025
Өзбекстан азаматтары күн энергиясын сату арқылы 1 млн долларға жуық табыс тапты

QAZAQ GREEN. 2024 жылы Өзбекстанда 10,8 мыңнан астам азамат «Күн үйі» бағдарламасы аясында мемлекеттік субсидия алды. 2023 жылдың сәуір айында Салық комитеті іске қосқан бұл бағдарлама тұрғын үйлердің шатырларына орнатылған күн панельдері арқылы өндірілген артық электр энергиясын жалпы желіге жеткізгені үшін төлем жасауды қарастырады. Бұл бастама «жасыл» энергетиканы дамытуға және үй шаруашылықтарының қосымша табыс алуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды uz24.
2024 жылы бағдарлама аясындағы жалпы төлем сомасы 12,18 миллиард сумды (942,8 мың АҚШ доллары) құрады. Оның 7,37 миллиард сумы жылдың екінші жартысында төленген, бұл бағдарламаның танымалдығының артқанын көрсетеді. Бағдарлама аясында қатысушылар 1000 сум/кВт⋅сағ тарифімен жалпы 12,18 миллион кВт⋅сағ электр энергиясын өндіріп, желіге өткізген.
Субсидия бойынша ең көп төлем алған өңір — Хорезм облысы (2,8 миллиард сум), одан кейін Қарақалпақстан (1,9 миллиард сум) және Ташкент қаласы (1,4 миллиард сум).
Күн панельдерінің иелеріне субсидия беру бастамасы Өзбекстанда 2023 жылдың ақпан айында іске қосылған. Қаражат есептік айдан кейінгі айдың 25-іне дейін Soliq қосымшасы арқылы банктік карталарға аударылады. Сонымен қатар, 2023 жылдың тамызында күн панельдерінің құрамдас бөліктерін импорттық баж салығынан және ҚҚС-тан босату туралы шешім қабылданған.
Ерлан Ақкенженов Қазақстанның Энергетика министрі болып тағайындалды
Charge Robotics компаниясы күн электр станцияларының құрылысын автоматтандыруды жоспарлауда
Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
Американдық стартап CO2 нөлдік шығарындысымен «жасыл» болаттың алғашқы тоннасын балқытты
Эстонияда Балтық елдеріндегі ең үлкен күн паркі салынады
ЕАДБ және IRENA Орталық Азияда жаңартылатын энергетиканы дамытатын болады
DAF жүк көліктері мен трейлерлерге жеңіл күн панельдерін орнатуды ұсынады
Германия ЕО-да жел турбиналарының құрылыс бойынша көш бастап тұр
Қайта өңдеу келешегі: жел турбиналары тұрғын үйге айналуда
Франция 2100 жылға қарай температураның 4°C жоғарылауына дайындалуда
Жапон кемесі алғаш рет теңізде сутегін алып, оны жағаға жеткізді
Toyota күн сәулесімен жұмыс істейтін екі орындық FT-Me электромобилін ұсынды
Voltalia Өзбекстанда электр энергиясын сату туралы келісімге қол қойды
Қазақстан CERAWeek 2025 аясында әлемдік энергетика көшбасшыларымен стратегиялық келіссөздер жүргізді
ҚМГ және Total Energies ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Норвегия 2027 жылдан бастап CBAM енгізуге ниетті
ДМҰ есебі: климат туралы білім ЖЭК-ке сенімді ауысуға ықпал етеді
Алматыда ауаны жақсарту бойынша бағдарламалар ұсынылады
Қазақстандықтар жасыл энергетика саласында қандай патенттер тіркеді
Қазақстан мен ЕО энергетика және климаттық ынтымақтастықты талқылады