Орталық Азия жаңалықтары

Орталық Азия жаңалықтары17.05.2022

АХҚО мен БҰҰ Қырғызстандағы әлеуметтік және экожобаларға «жасыл» қаржы құралдары мен инвестицияларды бірлесіп ілгерілету туралы келісті

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қырғыз Республикасындағы Миссиясы әлеуметтік және экологиялық жобаларға жасыл қаржы құралдарын және инвестицияларды бірлесіп ілгерілету туралы уағдаласты, деп хабарлайды Qazaq Green.  

Келісімге АХҚО Басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов пен БҰҰ-дың Қырғыз Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Озонниа Ожиело қол қойды.

Тараптар АХҚО мен Қырғыз Республикасын инвестициялар үшін аумақтар ретінде, оның ішінде жасыл қаржыландыру құралдары арқылы ілгерілету туралы уағдаласты. Атап айтқанда, АХҚО мен БҰҰ экологиялық жобаларға инвестиция салу үшін жасыл қаржыландыру құралдарын (жасыл облигациялар, жасыл несиелер, жасыл ислам бағалы қағаздары) пайдалануға келісті.

Сондай-ақ ислам қаржысы индустриясын, халал индустрияны және ислам қаржысы саласындағы кадрларды дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

АХҚО және БҰҰ өкілдері адами капиталды дамыту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылады, сондай-ақ 2030 жылға қарай экономикалық және әлеуметтік қайта құруларды қамтамасыз ету және Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізуді қолдау үшін ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу.

11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу