Орталық Азия жаңалықтары

Орталық Азия жаңалықтары01.06.2022

USAID, ЕҚҚДБ төмен көміртекті болашақ үшін Орталық Азиядағы әріптестік жөнендегі түсіністік меморандумына қол қойды

АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) мен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Орталық Азия елдерінде электр энергетикасы секторын жедел декарбонизациялауға жәрдемдесу үшін жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі, электр энергиясын шоғырландыру саласындағы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша әріптестікті бастады, деп хабарлайды Qazaq Green Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен Консулдығына сілтеме жасап.

Бүгін USAID және ЕҚҚДБ Орталық Азиядағы декарбонизация бастамалары бойынша ынтымақтастықты кеңейту үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға (ӨТМ) қол қойып, климаттың өзгеруімен күресу үшін серіктестігін нығайтты. USAID әкімшісінің Азия елдері бойынша көмекшісінің орынбасары Энджали Каур және ЕҚҚДБ-ның Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай Алматы энергетика және байланыс университетінің (АэжБУ) ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Алмаз Саухимов өткізген салтанатта Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. АЭжБУ — Орталық Азия бойынша жаңартылатын энергия көздері бойынша оқу бағдарламаларын және техникалық тәжірибені жақсарту үшін USAID ынтымақтасатын әріптес.

Өзінің кіріспе сөзінде Каур ханым мәлімдеді: «Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азия елдері біздің заманымыздың ең күрделі мәселелердің бірі — жаһандық климаттық дағдарысты шешу үшін ортақ пайымымен бөліседі. Электр энергиясын өндіру бүкіл әлемдегі энергия секторындағы CO2 шығарындыларының 40 пайызынан астамын құрайтындықтан, климаттың өзгеруін азайтуға бағытталған кез-келген әрекеттер электрмен жабдықтау жүйелерін жаңартуды қамтуы керек. Біз бүгін Орталық Азиядағы төмен көміртекті болашаққа қол жеткізу бойынша бірлескен күш-жігерімізді бекіту үшін ЕҚҚДБ-мен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға қуаныштымыз».

Өзінің таза энергетика саласындағы қызметі арқылы USAID барлық қоғамдастықтар үшін энергияға қолжетімділікті арттыру және өңірдегі азаматтардың өмірін жақсарту үшін жаңартылатын энергия көздеріне жеке сектордың инвестицияларын тарту үшін заманауи энергетикалық технологияларды пайдалануды кеңейту үшін Орталық Азия үкіметтерімен және университеттерімен ынтымақтасады.

Соңғы онжылдықта USAID Орталық Азиядағы экономикалық өміршең нарықтық аймақтық энергетикалық жүйенің негізін қалауда маңызды рөл атқарды. USAID сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамытуды, энергия тиімділігін арттыруды, энергетикалық секторды цифрландыруды және киберқауіпсіздікті күшейтуді қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық базаны нығайтты. USAID жергілікті әлеуетті арттыру, ынтымақтастыққа жәрдемдесу және жеке сектордың нарықтық шешімдерін қолдау үшін бірқатар жергілікті және өңірлік серіктестермен жұмыс істейді.

USAID жетекші халықаралық даму агенттігі болып табылады және тұрақты дамуға қол жеткізуді ынталандырады.

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін