Орталық Азия жаңалықтары

Орталық Азия жаңалықтары02.02.2023

ЕАДБ Қырғызстанда қуаты 100 МВт болатын ГЭС құрылысын қаржыландырады

QAZAQ GREEN. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және «Нарын «өндірістік кәсіпорны» ЖШҚ Қырғыз Республикасында қуаты 100 МВт болатын «Құланақ» ГЭС-ін салу мен пайдалануды қаржыландыру шартын жасасты. Құжатқа ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов пен «Нарын» өндірістік кәсіпорны» ЖШҚ директоры Кутубай Мурзабаев қол қойды, деп хабарланған банктің сайтында.

«Құланақ» СЭС құрылысы — ЕАДБ-ның «Орталық Азияның су-энергетика кешені» негізгі инвестициялық мегажобасын іске асырудың жаңа кезеңі.

«Құланақ» гидроэлектростанциясының қуаты 100 МВт құрайды, электр энергиясын жылдық орташа өндіруі 435 млн кВт/сағ. Жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жаңа объектісі Қырғыз Республикасының Нарын облысындағы Құланақ ауылының маңындағы Нарын өзенінде, жалпы ауданы 485,41 га аумақта орналастырылатын болады.

«Құланақ» ГЭС-ін іске қосу Қырғызстанның Орталық Азиядағы электр энергиясы нарығындағы позициясын нығайтуға, оның ішінде қуаты 40 МВт болатын бір ғана ГЭС жұмыс істейтін аймақтағы энергия тапшылығын қысқартуға, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Нысанды салу және пайдалану кезеңінде 835 жаңа жұмыс орны құрылады, бұл өзінің оң әлеуметтік әсерін береді.

ЕАДБ техникалық жәрдемдесу қорының қаражаты есебінен жоба Несиелендіру нарығы қауымдастығының (Loan Market Association) несиелендіру халықаралық қағидаттарына сәйкес «жасыл» ретінде верификацияланды. Бұл ретте оны іске асыру жылына 346,4 мың тонна парниктік газдардың шығарылуын болдырмауға мүмкіндік береді.

«Құланақ» ГЭС-і Қырғыз Республикасында ЕАДБ елдік стратегиясын іске асыру аясындағы ірі жоба ғана емес, ЕАДБ «Орталық Азияның су-энергетика кешені» мегажобасының маңызды буындарының бірі болып табылады. Қырғызстанда жаңа 100 МВт генерацияны енгізу елдің энергетикалық жүйесіндегі қуат тапшылығын азайтады. Бұл сондай-ақ Орталық Азияның барлық елдерінде жаппай іске қосу жоспарланған күн станциялары мен жел генерациясының жұмысына байланысты жүктеменің тәуліктік кестесін реттеу мүмкіндігіне де оң әсерін тигізеді», - деді ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов.

Руслан Дәленов атап өткендей, ГЭС құрылысы Қырғызстандағы электр энергиясының тапшылығын азайтуға және суармалы егіншілік үшін су қоймаларының жұмыс режимін жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа ГЭС-ті іске қосу өңірдегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің ауданын 1,5 есеге, 6 769 га дейін ұлғайтады.

Жобаның құны 117 989 262 АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ, «Құланақ» ГЭС-ін салу мен пайдалануды қаржыландыруға Ресей-Қырғыз Даму Қорының (РҚДҚ) қатысуы жоспарлануда. ЕАДБ және РҚДҚ жобаны тепе-тең негізде қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жобаны мемлекет белсенді қолдайды. Атап айтқанда, ол Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің 2026 жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген.


 

29.03.2024
Қазақстанда Chapter Zero Kazakhstan іске қосылады
29.03.2024
Қытайлық компания Қазақстанда гидроэнергетикалық жобалар мен бу-газ турбиналарын салу перспективасын зерттеуге ниетті
29.03.2024
Қазақстан президенті ЖЭК саласындағы Қытаймен бірлескен жобаларды талқылады
28.03.2024
Қазақстанның ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 5,92% -ға жетті
28.03.2024
SECCA «Горизонт Еуропа» бағдарламасы бойынша Орталық Азия зерттеушілеріне гранттар жариялады
28.03.2024
Жаңа «жасыл» станцияларды салу қиындай түсуде, бірақ неміс ауылында шығар жолды ойлап тапты
28.03.2024
Премьер-министр, ENI барлау және өндіру жөніндегі директоры Маңғыстау облысында гибридті электр станциясының құрылысын талқылады
27.03.2024
Жаңа кран теңіз жел диірмендерін орнату құнын екі есе азайтпақ
27.03.2024
Түркияда алғашқы қалқымалы күн электр станциясы құрылды
27.03.2024
Өзбекстанда алты ГЭС пен екі КЭС каскады салынуда
27.03.2024
Қырғызстан мен «Росатом» құрылымдары ЖЭК салу туралы келісті
26.03.2024
Германияда зауыт жел парктері мен бақытты адамдар көп жерде салынады
26.03.2024
ЕИБ даниялық ШОК үшін «жасыл» қаржыландыруға 1 109 млн бөлу туралы уағдаласты
26.03.2024
Қазақстанның «жасыл» энергетикалық трансформацияға ұмтылысы туралы Энергетикалық ауысу бойынша Берлин диалогында айтылды
26.03.2024
Қанатты жүк кемесі бірінші рейс кезінде күніне үш тонна жанармай үнемдейді
20.03.2024
Әлемдегі ең үлкен ұшақ желмен жүреді: Radia WindRunner несімен қызықты
20.03.2024
ЖЭК жаңа жобаларға ақшаны қайдан алады?
20.03.2024
Екіжақты күн панельдері айтарлықтай аз шығындармен көбірек энергия өндіре алады
19.03.2024
Жаһандық жаңартылатын энергия альянсы 10 млрд АҚШ доллары сомасына іс қимыл жоспарын ұсынады
19.03.2024
Голландиялық ғалымдар күн панельдерін бүгілетіндей етіп жасауды ұсынды