Қазақстан жаңалықтары12.05.2023
Таразда сутегімен жүретін автобустар іске қосылады
QAZAQ GREEN. Таразда «Бизнеске арналған үкіметтің» фронт-офисінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Басқосуда облыс әкімі және «China CAMC Engineering Co» LTD компаниясының басқарма төрағасы Ван Бо мырза өзара тараптардың инвестициялық ынтымақтастығының келешегін талқылады. Ван Бо өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларындағы тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа деген ниеттестігін білдірді. Келіссөздер нәтижесінде жақын арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.
«Globia KFT» компаниясының бас директоры Габор Саги жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобамен таныстырды.
«Globia KFT» Жамбыл облысында «жасыл» сутегі өндірісін ұйымдастыруды жоспарлауда. Сутегіні пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – қоғамдық көліктерге арналған экологиялық таза отын өндіру болып табылады. Жоба аясында күн электр станциясын, жанармай құю станцияларын салу, сутегімен жүретін автобустарды жеткізу жоспарлануда.
Облыс әкімі жауаптыларға жобаны жедел қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
Бакуде жел электр станциясы салынады
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады
Техаста СО2 мен судан отынның өнеркәсіптік өндірісі басталды
ЕО жасыл ауысу үшін энергетикалық инфрақұрылымға €600 млрд инвестициялауы тиіс
Ғарыштық күн энергиясы: SpaceX және General Motors бұрынғы инженерлері энергетика болашағын өзгертуде
АҚШ таза энергияны пайдалануға рұқсат беру бойынша өз мақсатынан асып түсті
Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды
АҚШ-та сыртқы кванттық тиімділігі 190% күн панельдеріне арналған материал әзірледі