Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары25.05.2023

Қазақстанда «жасыл» энергетика бойынша Qazaq Green Fest II Халықаралық іскерлік фестивалі басталды

QAZAQ GREEN. Жаңартылатын энергетика бойынша екі күндік іс-шара Бурабайда өтуде. Фестиваль тақырыбы - «Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі: төмен көміртекті көшу».

Фестиваль қатысушылары энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, жаңартылатын энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты, электр энергетикасын дамытудың стратегиялық пайымын, жаңартылатын энергетика жобаларын қолжетімді қаржыландыруды, ESG-саясатының гендерлік және корпоративтік аспектілерін, көміртегі нарықтарын дамытуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы энергетикалық көшу мәселелерін талқылайды.

Бизнес өкілдері жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларды іске асыру кезінде кездесетін проблемалар мен қиындықтарымен бөліседі, сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасу қарастырылған.

Іс-шара ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Фестивальдің панельдік сессияларында келесі тақырыптар қамтылған:  

  • Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері;
  • Қазақстанның электр энергетикасын дамытудың стратегиялық пайымы; 
  • Корпоративтік деңгейде көміртегі ізін азайту;
  • Шағын ауқымды жаңартылатын энергия көздерін дамыту;
  • Көміртегі нарықтары: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы даму перспективалары;
  • Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы одан әрі дамыту жолдары: жоспарлар, проблемалар және перспективалар;
  • Жаңартылатын энергетика үшін қолжетімді қаржыландыру құралдарын енгізу перспективалары;
  • Энергияны сақтау жүйелерін енгізу;
  • ЖЭК-ке отандық инвестицияларды дамыту;
  • ESG саясаты: гендерлік аспектілер және корпоративтік басқару және т. б.

Талқылаудың нәтижесі Қазақстанда ЖЭК-ті одан әрі дамыту бойынша жаңартылатын энергетика саласының іскерлік қоғамдастығынан ҚР Үкіметіне үндеу - Хартия болады деп күтілуде.

Іс-шараның бас серіктесі - Huawei компаниясы және оның сертификатталған серіктесі Photomate компаниясы.

Qazaq Green Fest демеушілері: Arm Wind, TotalEnergies, LONGi, Sany Renewable Energy, Jusan bank, полиметалл Еуразия, Жаңатас ЖЭС, Jinko Solar, Allur, Bureau Veritas, Unicase Law Firm, Unigreen, Alageum Electric, Profland, АДС Сапа. 

Фестивальді сонымен қатар Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Еуразиялық Даму Банкі, KAZENERGY қауымдастығы қолдады.

19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады
12.04.2024
Техаста СО2 мен судан отынның өнеркәсіптік өндірісі басталды
12.04.2024
ЕО жасыл ауысу үшін энергетикалық инфрақұрылымға €600 млрд инвестициялауы тиіс
12.04.2024
Ғарыштық күн энергиясы: SpaceX және General Motors бұрынғы инженерлері энергетика болашағын өзгертуде
12.04.2024
АҚШ таза энергияны пайдалануға рұқсат беру бойынша өз мақсатынан асып түсті
11.04.2024
Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды
11.04.2024
АҚШ-та сыртқы кванттық тиімділігі 190% күн панельдеріне арналған материал әзірледі