Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары26.05.2023

Қазақстанда ерікті көміртегі сертификаты пайда болды

QAZAQ GREEN. Бурабайдағы Qazaq Green Fest «жасыл» энергия бойынша II Халықаралық іскерлік фестивалі кезінде алғашқы ерікті көміртегі сертификаты – Qazaq Green Certificate іске қосылғаны туралы хабарланды.

Бұл сертификатты «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы «Каспий тауар биржасы»АҚ-мен бірлесіп әзірледі.

«Бұл құралдың негізгі міндеті - барлық ниет білдірген компанияларға корпоративтік деңгейде көміртегі ізінің төмендеуін растау мүмкіндігін беру», - деп түсіндірді Qazaq Green ЖЭК қауымдастығында.

Естеріңізге сала кетейік, фестивальдің тақырыбы «Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі: төмен көміртекті көшу» болып табылады. Іс-шараға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Қытай, Жапония, Өзбекстан, Ресейден 300-ден астам адам, оның ішінде  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Visor Holding, ENI, Shell, KPO, NCOC, Air Liquide, Toyota Tsusho, Chevron, Tengizchevroil, Sany, Longi, Huawei және т. б. тәрізді компаниялардың өкілдері қатысады. 

«Qazaq Green Fest - жаңартылатын энергетиканы дамыту мәселелерін талқылау бойынша еліміздегі басты алаң. Біз ЖЭК-тің дамуы оны қажет ететін электр энергетикасы саласын трансформациялаудың драйверіне айналды деп санаймыз. Бүгінгі таңда ЖЭК секторының алдында маңызды міндеттер тұр - жаңа өндіруші қуаттарды енгізу есебінен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халық пен кәсіпкерліктің шағын ауқымды ЖЭК-ін дамыту, екіжақты келісімшарттар сегментін дамыту, энергия жинақтау жүйелерін пайдалану. Сондықтан біз ЖЭК көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің ең тиімді құралы деп санаймыз», - деді «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов. 

Талқылаудың нәтижесі Қазақстанда ЖЭК-ті одан әрі дамыту бойынша жаңартылатын энергетика саласының іскерлік қоғамдастығынан ҚР Үкіметіне үндеу - Хартия болады деп күтілуде.

Іс-шараның бас серіктесі - Huawei компаниясы және оның сертификатталған серіктесі Photomate компаниясы. Qazaq Green Fest демеушілері: Arm Wind, TotalEnergies, LONGi, Sany Renewable Energy, Jusan bank, Полиметалл Еуразия, Жаңатас ЖЭС, Jinko Solar, Allur, Bureau Veritas, Unicase Law Firm, Unigreen, Alageum Electric, Profland, АДС Сапа.

Фестивальді сонымен қатар Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Еуразиялық Даму Банкі, KAZENERGY қауымдастығы қолдады.

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін