Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары12.04.2022

Қазақстан және Еуропалық Парламент делегациясы ЖЭК дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы келісті

2022 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі басшылығының Еуропалық Парламент делегациясымен кездесуі өтті. Кездесу барысында олар энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады, хабарлайды Qazaq Green.

Қазақстандық делегацияны Энергетика вице-министрі Әсет Маратұлы Мағауов, еуропалық делегацияны Орталық Азия және Моңғолиямен өзара іс-қимыл жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының Бірінші вице-төрағасы Андрис Америкс басқарды.

Сонымен қатар кездесуге Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Басшысы Кестутис Янкаускас, Еуропалық Парламент Хатшылығы Азия басқармасының басшысы Николо Ринальди.

Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасының энергетика саласындағы негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Қазақстан Еуропалық Одақтың стратегиялық инвесторларымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты ұстанады және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің үш онжылдығы ішінде энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жоғары бағалайды.

«Кездесу барысында тараптар халықаралық энергетикалық нарықтардағы өзгерістерді, инвестициялық ахуалды жетілдіру, сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылым мен тұрақты энергия мәселелерін талқылады. Сонымен бірге Тараптар жаңартылатын энергия көздерін, сутегін және озық энергетикалық технологияларды дамыту саласында озық тәжірибе алмасу бойынша тиісті шаралар қабылдайтын болады», – деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресми тұлғалар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын бағалап, энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және әртараптандыру перспективалары туралы пікір алмасты.
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады
12.04.2024
Техаста СО2 мен судан отынның өнеркәсіптік өндірісі басталды
12.04.2024
ЕО жасыл ауысу үшін энергетикалық инфрақұрылымға €600 млрд инвестициялауы тиіс
12.04.2024
Ғарыштық күн энергиясы: SpaceX және General Motors бұрынғы инженерлері энергетика болашағын өзгертуде
12.04.2024
АҚШ таза энергияны пайдалануға рұқсат беру бойынша өз мақсатынан асып түсті
11.04.2024
Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды
11.04.2024
АҚШ-та сыртқы кванттық тиімділігі 190% күн панельдеріне арналған материал әзірледі