Қазақстан жаңалықтары10.11.2023
KEGOC және Дүниежүзілік банк Қазақстанның энергиясын өндірудегі ЖЭК әлеуетін зерттемек

QAZAQ GREEN. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесті.
«KEGOC Дүниежүзілік банк ұйымдарымен көп жылдар бойы табысты және жемісті бірлесе жұмыс істеудің тәжірибесіне ие, атап айтқанда, Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен бірлесіп, еліміздің электр энергетикасы саласының объектілерін салуға және жаңғыртуға бағытталған бірқатар ірі ауқымды инвестициялық жобалар іске асырылды», - деп атап өтті Нәби Еркінұлы кездесу барысында.
Бүгінгі күні «KEGOC» АҚ Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, «Генерацияны дамытудың мемлекеттік жоспары шеңберінде Қазақстандағы ЖЭК интеграциясының әлеуетін бағалау» зерттеуін жүргізуді жоспарлап отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстан БЭЖ-нің жалпы жай-күйін және оның ЖЭК-тің жоспарланған көлемін енгізуге дайындығын бағалау, қажетті инвестицияларды анықтау, Қазақстанның БЭЖ-нің 2035 жылға дейінгі дамуын ескере отырып, ЖЭК қуатын беру графигін тегістеу үшін ең аз шығындармен технологиялардың әлеуетті нұсқаларын бағалау, электр энергиясын сақтау жүйелерін және елде қолданылатын басқа да цифрлық технологияларды енгізу әлеуетін бағалау болып табылады. Сонымен қатар, бұған дейін KEGOC, Банк және Консорциум мамандары арасында бірқатар кездесулер өткізіліп, жоба шеңберінде өзара іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.
KEGOC және Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің қатысуымен «Ұлттық электр торабын жаңғырту, I кезең», «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу», «Мойнақ ГЭС-і қуатын беру» және «Кернеуі 500 кВ,220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500 кВ Алма ҚС салу» жобалары іске асырылғанын естеріңізге саламыз.
Еуроодақ Франциядағы 11 теңіз жел электр станциясын қаржыландыруды мақұлдады
Қытай ғалымдары Айда лазер арқылы энергия беретін жүйені ұсынды
Ocean Winds Франциядағы алғашқы қалқымалы теңіз жел электр станциясын электр желісіне қосты
Үндістан жарты жылда күн және жел энергетикасының шамамен 29 ГВт қуатын іске қосты
Польшадағы алғашқы теңіз ЖЭС ұлттық электр желісіне алғаш рет энергия берді
Айнұр Соспанова ЖЭК саласы бойынша жаңа Салалық кеңесті басқарды
Энергетика министрлігі ЖЭК саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуда
Қазақстан мен Еуропалық одақ энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға келісті
Дүниежүзілік банк Рогун СЭС құрылысының екінші кезеңіне $300 млн бөлді
Қытайдағы әлемдегі ең биік бөгеті бар Шуанцзянькоу ГЭС-да алғашқы гидроагрегат іске қосылды
Volkswagen күн электр станциясы аумағында бағуға 100 қой алды
Қытайдағы көмір кеніші қалай гүлденген орманға айналды: экологиялық жаңғыру тарихы
Өзбекстанда қалдықтарды энергияға айналдыратын 11 зауыт салынады
Қырғызстанның Энергетика министрлігі тұрғындардың күн панельдерін орнатуына қолдау көрсетеді
Сарапшылар: электр көлігі ЕО-ның мұнай импортына тәуелділігін азайтады
Омбыда жаңа күн электр станциясы салынады
Сингапурлық компания Қырғызстанда күн панельдерін өндіруді көздеп отыр
Қытай әлемдегі алғашқы 16 МВт TLP қалқымалы жел платформасын теңізге жөнелтті
Еуропаның жасыл трансформациясына инвестициямен қатар тиімді реттеу де қажет
Жасыл климат қоры Орталық Азия мен Кавказдағы инвестиция көлемін екі еседен астам арттырды