Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары02.04.2024

Қазақстанның орнықты дамуы: энергетика мен су ресурстары — басты назарда

QAZAQ GREEN. Түркістанда наурыздың 29-ы орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссияның бесінші отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар орнықты әрі заманауи энергия көздерін жалпыға бірдей қолжетімді қылу, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелерін талқылады, деп хабарлайды БҰҰДБ баспасөз қызметі.

Отырысқа Сенат және Мәжіліс депутаттарымен қатар энергетика, экология және табиғи ресурстар министрлері, өңірлердегі әкімдіктерінің басшылығы, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰДБ және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа елде су ресурстары мен санитарияны қамтамасыз ету және ұтымды пайдалану жөніндегі алтыншы ОДМ-ға жетудің маңызына тоқталып, прогресс бар болғанымен, проблемалар да бар екенін атап өтті. БҰҰДБ мәліметіне сүйенсек, еліміздің ауылдық жерлерінде шамамен 300 мың адам ауыз сусыз өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ қауіпсіз түрде өңделген ағынды су үлесі мен су стресінің төмендеуі бойынша прогресс байқалмайды.

«Судың сапасына ерекше назар аудару қажет. Суының сапасы жоғары су объектілерінің пропорциясы бойынша біршама жетістік болғанымен, қиындықтар да бар. Ауыл шаруашылығындағы су ысырабы мәселесін де шешу керек. Ескірген суару жүйелері судың босқа ағып кетуіне апарып соғады. Қорытынды анық: суды басқару саласындағы осы тенденциялар жалғаса берсе, 2030 жылға қарай әлеуметтік-экономикалық даму су тапшылығының кесірінен баяулауы мүмкін. Бағалау жұмыстары нәтижелеріне сүйенсек, 2040 жылға қарай Қазақстандағы суға деген қажеттіліктің тек 50%-ы ғана өтеледі», – деп мәлімдеді Катаржина Вавьерниа.

Бұл мәселелерді шешу үшін жүйелі шаралар қажет ететінін де атап өтті. ларға климат өзгеруінің кесірінен күшейе түсетін су ресурстарының азаюымен күресу, орнықты су ағындарын қамтамасыз ету үшін трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту, инфрақұрылымның деградациясымен күресу, суды басқару процестерін автоматтандыру мен цифрландыруды жақсарту және су ресурстарының антропогендік ластануына қарсы тұру жатады. БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Ұйым Үкіметті қолдау үшін осы мәселелерді шешуге бағытталған бірнеше стратегиялық бастамалар бойынша жұмыс істеп келетінін және оны болашақта жалғастырмақ екендігін айтып өтті.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев өз кезегінде арзан, сенімді, орнықты әрі заманауи энергия көздерін баршаға қолжетімді етудің мағызын атап өтті.

«Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі әлі де төмен. Қазіргі таңда «Жасыл экономиканы» дамыту мәселелері еліміздің күн тәртібі аясында басты басымдыққа ие. «Жасыл экономикаға» көшу халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану кезінде белсенді дамушы елдердің қатарына кіруге мүмкіндік береді», – деп әріптестерін ортақ мақсаттарға жету жолындағы күш-жігерді шоғырландыруға шақырды Әшімбаев.

Отырыс аяғында қатысушылар ортақ жұмыс бойынша, іске асырылуы келесі кездесулерде талданатын ұсыныстары мен бастамалары туралы айтып өтті.

Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссия Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен, Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азия елдеріне арналған ОДМ Платформасын құру жөніндегі өңірлік жобасы шеңберінде құрылды.

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр