Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары10.06.2024

Қазақстанда ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттық басталды

QAZAQ GREEN. 2024 жылғы 10 маусымда ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтары үшін жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтың бірінші күні (Тентек өзенін қоспағанда) белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт гидро электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша өтті, деп хабарлайды KOREM.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 30 баға ұсынысын берді.  Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 50.35 МВт құрады.

2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттықты өткізу кезінде ҚР Энергетика министрлігі бекіткен шекті аукциондық баға 41.23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрайды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар арасында аукциондық сауда-саттықта бәсекелестік күрес жүргізу барысында өтінімдердің баға диапазонын 41.23-тен 10 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендету алынды.

ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша шекті аукциондық бағадан бағаның рекордтық 75,7%-ға төмендеуі атап өтілді.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес, белгіленген қуатты іріктеу көлемі 20-дан 21.3 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

Аукциондық сауда cаттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі ұйымдар анықталды:

·        «ЖЭС Толқын» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 0.5 МВт, аукциондық бағасы 10 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

·        «Жарык Энерго» ЖШС Ұлттық Энергетикалық Компания» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 8.6 МВт, аукциондық бағасы 28 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

·        «ФаБ Строй» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 1.3 МВт, аукциондық бағасы 35.47 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

·        «ЖЭС Толқын» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 3 МВт, аукциондық бағасы 35.48 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

·        «Ақсугидро» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 9 МВт, аукциондық бағасы 35.49 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

·        «ЖабықГидроРесурсы» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 3 МВт, аукциондық бағасы 36.5 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында байқаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, USAID өкілдері қатысты.


Байқаушылар «KOREM» АҚ аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Келесі аукцион 2024 жылғы 11 маусымға белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша тағайындалды.

ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес, 2024 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың белгіленген қуаттылықтарының жалпы көлемі 1270 МВт құрайды, оның ішінде:

- гидроэлектростанциялары (ГЭС) - 400 МВт;

- жел электр станциялары (ЖЭС) - 700 МВт;

- күн электр станциялары (КЭС) - 160 МВт;

- биоотын электр станциялары (БиоЭС) - 10 МВт.

 

 

11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу