Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары04.11.2024

Ғалымдар елдің жылу электр станцияларында көмірдің орнына биомасса мен төмен сапалы қалдықтарды пайдалануды ұсынды

QAZAQ GREEN. Назарбаев университетінде Халықаралық энергетика агенттігінің семинары өтті. Семинарда ғалымдар биомасса мен сапасы төмен қалдықтарды қайта өңдеуге негізделген жаңа технологияларды қолдануды ұсынды, деп хабарлайды NU баспасөз қызметі.

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің ассистент профессоры Ербол Сарбасов жетекшілік ететін NU «Таза энергия» зерттеу тобы осы мәселені сегіз жыл бойы зерттеп келеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) 89-шы техникалық семинарында олар жобаларын таныстырды. 2024 жылдың 30–31 қазанында NU-да өткен семинар Қазақстанның энергетикалық болашағына арналған негізгі тақырыптардың бірі – «Көміртекті аулау және сақтау (CCS) процестері үшін қайнау қабатындағы конверсиялар (FBC) технологиясын қолдану» тақырыбына арналды.

«Әртүрлі отын түрлерін төмен температурада жағу технологиясы көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Қазақстанда жұмыс істейтін станцияларда қазір тек көмір пайдаланылады, енді ол жоғары температурада жағылады. Жаңа технология төмен температурада жұмыс істейді және әртүрлі отынды, соның ішінде биомасса немесе кейбір жанғыш қалдықтарды бөлек немесе араластырып пайдалана алады. Бұл технология Скандинавия елдерінде және кейбір Еуропа елдерінде өте дамыған, мысалы, Польшада барлық станциялар оған көшкен. Қазір біз бұл саланы қалпына келтіріп жатырмыз, зертхана құрдық, ұлттық компаниялардан тапсырыстар алдық», - дейді жоба жетекшісі Ербол Сарбасов.

NU «Таза энергия» тобы жаңа энергетиқалық технологиялары саласындағы бірнеше маңызды ғылыми жобаларды сәтті аяқтады. Соңғы жылдары бұл топ қазақстандық көмір электр станцияларына көміртекті азайту жөніндегі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге көмектесетін көміртекті аулау және сақтау технологияларын әзірлеу үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-мен ынтымақтастықты жалғастырды.

Семинарға «Самұрық-Энерго» АҚ, ҚР Ғалым және жоғары білім министрлігі, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, сонымен қатар Швеция, Италия, Ресей, Сауд Арабиясы, Канада Эстония, Жапония және басқа елдердің ғалымдары қатысты. Олар қайнау қабатындағы конверсиялар технологиясының отынның жану тиімділігін арттыруға, көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының шығарындыларын азайтуға және балама отынды, соның ішінде биомасса мен төмен сұрыпты қалдықтарды пайдалануға қалайша жол ашатынын талқылады.

Екі күндік шара аясында ұзын-ырғасы 15-тен астам баяндамалар тыңдалып, үздік баяндамашыларға арнайы мақтау қағаздары табыс етілді. Ұйымдастырушылардын Ұйымдастырушылар NU-да Халықаралық энергетикалық агенттіктің семинарын өткізу Орталық Азиядағы тұрақты даму және таза энергия саласындағы алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерді ілгерілетудегі университеттің рөлін атап өтті.

 

 

06.12.2024
Meta АҚШ-та төрт күн энергетикасы жобасынан жасыл сертификаттар сатып алады
06.12.2024
Қарағандыда мектеп жанында күн панельдері орнатылады
06.12.2024
Қытай бір жылда 260 ГВт жаңа күн панельдерін орнатты
05.12.2024
Қазақстан мен TotalEnergies Renewables ЖЭК саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда
04.12.2024
Жапониялық ғалымдар күн сәулесі мен суды пайдаланып, сутегі отынын өндірудің жаңа әдісін жасады
04.12.2024
Еурокомиссия декарбонизация жобаларына СТВ табыстарынан €4,6 млрд бөлді
04.12.2024
Қытайлық Sinoma EC International Өзбекстанда 300 МВт күн электр станциясын салады
03.12.2024
Қызылорда облысында күн және жел электр станциялары салынып жатыр
03.12.2024
Қазақстан мен Германия жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін күш біріктіруде
02.12.2024
Heart Aerospace 30 орындық электрсамолетін 2025 жылы ұшырады
02.12.2024
Ғалымдар күн энергиясын алуға әуе шарларын пайдаланбақ
30.11.2024
Жамбыл облысында жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін зауыттың құрылысы басталды
29.11.2024
Қытайда күн сәулесіз ауадан электр энергиясын өндіретін герметикалық контейнер жасалды
29.11.2024
Литва Украинада күн электр станцияларын салуға €5 млн бөлді
28.11.2024
Үндістан 12 айда 20 ГВт күн энергиясын іске қосты
28.11.2024
Оңтүстік Кореяның оффшорлық Jeonnam 1 жел электр станциясы алғашқы электр қуатын өндірді
27.11.2024
Қырғызстанда Токтогул СЭС-інде қалқымалы КЭС салынады
27.11.2024
Парламент Жетісу облысында ірі ЖЭС салу туралы құжатты қарайды
26.11.2024
«Жасыл» интернет: Google геотермалдық энергияға негізделген жобаны іске қосты
26.11.2024
Ørsted АҚШ-та күн электр станциясын іске қосып, прерияларды сақтау үшін 953 акр жерді берді