Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары05.11.2024

Абайлық оқушы күн энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыратын инновациялық жоба жасады

QAZAQ GREEN.  9-сынып оқушысы Жеңіс Божаев инновациялық жоба ұсынды. Оның өнертабысы күн энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.

Оқушының айтуынша, оның жобасы көмірге, отынға және электр энергиясына тәуелділікті азайтып, экологияға зиянды әсерді төмендетуге арналған. Ол үшін Жеңіс әуелі күн коллекторының сызбасын әзірлеп, бөлшектерден қондырғыны құрастырудан бастады.

«Коллекторды құрастыру кезінде ағаш каркас пен пеноплекс жылу изоляциясын қолдандым. Осылайша, жүйенің қос қабатты шыны арқылы герметикалық тығыздығын қалыптастырдым. Жылу аккумуляторы ретінде арнайы ыдысты қолдана отырып, тиімділігін сынақтан өткіздім. 0,33 м² көлеміндегі коллектор құрылғысы 30°C температураға дейін қызу беріп, күні бойы 2 142 000 Дж энергия жинай алатынын көрсетті. Жобаны жүзеге асыру арқылы туған өлкемнің экологиясын жақсартуға үлес қосамын деп сенемін», – дейді жас өнертапқыш.

Оның айтуынша, күн коллекторы арқылы ауыл шаруашылығы мен тұрмыстық ғимараттарды жылытуға және су қажеттіліктерін қамтамасыз етуге болады. Ауыл шаруашылығы үшін 30-90°C аралығындағы су қажет екенін ескерген оқушы бұл жүйенің өңір тұрмысын жақсартуға септігін тигізетініне сенімді.

Аталған құрылғы сынақтан өтті. Оқушының есептеуінше, 23 м² аумақты қамтитын күн коллекторы арқылы орташа үйдің ішін жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге болады. Мұндай құрылғыны үйдің төбесіне орналастыру тиімді әрі кеңістікті үнемдейді.

 

06.12.2024
Meta АҚШ-та төрт күн энергетикасы жобасынан жасыл сертификаттар сатып алады
06.12.2024
Қарағандыда мектеп жанында күн панельдері орнатылады
06.12.2024
Қытай бір жылда 260 ГВт жаңа күн панельдерін орнатты
05.12.2024
Қазақстан мен TotalEnergies Renewables ЖЭК саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда
04.12.2024
Жапониялық ғалымдар күн сәулесі мен суды пайдаланып, сутегі отынын өндірудің жаңа әдісін жасады
04.12.2024
Еурокомиссия декарбонизация жобаларына СТВ табыстарынан €4,6 млрд бөлді
04.12.2024
Қытайлық Sinoma EC International Өзбекстанда 300 МВт күн электр станциясын салады
03.12.2024
Қызылорда облысында күн және жел электр станциялары салынып жатыр
03.12.2024
Қазақстан мен Германия жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін күш біріктіруде
02.12.2024
Heart Aerospace 30 орындық электрсамолетін 2025 жылы ұшырады
02.12.2024
Ғалымдар күн энергиясын алуға әуе шарларын пайдаланбақ
30.11.2024
Жамбыл облысында жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін зауыттың құрылысы басталды
29.11.2024
Қытайда күн сәулесіз ауадан электр энергиясын өндіретін герметикалық контейнер жасалды
29.11.2024
Литва Украинада күн электр станцияларын салуға €5 млн бөлді
28.11.2024
Үндістан 12 айда 20 ГВт күн энергиясын іске қосты
28.11.2024
Оңтүстік Кореяның оффшорлық Jeonnam 1 жел электр станциясы алғашқы электр қуатын өндірді
27.11.2024
Қырғызстанда Токтогул СЭС-інде қалқымалы КЭС салынады
27.11.2024
Парламент Жетісу облысында ірі ЖЭС салу туралы құжатты қарайды
26.11.2024
«Жасыл» интернет: Google геотермалдық энергияға негізделген жобаны іске қосты
26.11.2024
Ørsted АҚШ-та күн электр станциясын іске қосып, прерияларды сақтау үшін 953 акр жерді берді