Қазақстан жаңалықтары03.12.2024
Қызылорда облысында күн және жел электр станциялары салынып жатыр

QAZAQ GREEN. Шиелі ауданында қытайлық инвесторлардың қатысуымен күн және жел электр станцияларын салу басталды. Екі нысан 2025 жылы іске қосылады, деп хабарлайды Kazpravda.
Қуаты 40 МВт болатын күн электр станциясын салу жобасын Қытайдың ірі энергетикалық компаниясы China Huadian Corporation жүзеге асыруда. Бұл компанияның Қазақстандағы алғашқы тәжірибесі. Жобаға инвесторларға Еңбекші ауылдық округіндегі Қосүйенкі ауылының маңынан 80 гектар жер бөлінді.
China Huadian Corporation еншілес компаниясы – «Тесис» ЖШС директоры Дан Ниннің айтуынша, жобаның құны 11,5 миллиард теңгені құрайды. Электр станциясы инвестордың қаражаты есебінен салынады.
«Күн электр станциясын салуда 100-ден астам адам жұмыс істейді, ал нысан іске қосылғаннан кейін 10 тұрақты жұмыс орны ашылады», – деді Дан Нин.
Компания басшысының айтуынша, бұл «жасыл» жобаның пайдасы айтарлықтай. Ол атмосфераға жыл сайынғы көмірқышқыл газының шығарындыларын 50 мың тоннаға азайтады. Электр станциясы 2025 жылдың жазына қарай пайдалануға беріледі.
Жобаның орналасу орны кездейсоқ таңдалмаған. Географиялық орналасуы мен климаттық жағдайын ескере отырып, Қызылорда облысының күн энергиясын өндіру әлеуеті зор. Мұнда күн сәулесінің түсу ұзақтығы жылына 3200 сағаттан асады.
Жоба Қазақстанның энергетикалық кешенін жаңғырту бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл бастама өңірлік екіжақты және көпжақты ынтымақтастық механизмдерін нығайту арқылы халықаралық әріптестіктің жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған.
Капсуланы салтанатты түрде қою рәсімінде «Uranus wind» ЖШС ұсынған қуаты 50 МВт болатын Қызылорда өңіріндегі алғашқы жел электр станциясының жобасы да таныстырылды.
Жел электр станциясын салатын мердігер компания «Хуа Дянь Хай Тоу» басшысы Ли Чень Сун мамыр айында жел ағындарын зерттеу үшін 120 метрлік метеомұнара орнатылғанын айтты.
«Бұл жоба – облыстағы ең ірі жоба, – деді мердігер. – Оның құны 17 миллиард теңге. Желден энергия өндіру көміртегі шығарындыларын тудырмайды, сондықтан жел генераторлары іске қосылғаннан кейін қоршаған ортаға зиянды заттардың әсері бірнеше есе азаяды. Құрылыста 200-ге жуық адам жұмыс істейді, ал іске қосылғаннан кейін 12 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша жергілікті мамандар шетелде біліктілігін арттырады».
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Жебешовтың айтуынша, қазіргі таңда аймақта бірнеше энергетикалық жоба жүзеге асырылуда.
Облыста жалпы қуаты 89 МВт болатын тоғыз күн электр станциясы жұмыс істейді, оның үшеуі шетелдік ірі инвесторлардың қатысуымен салынған. Өңірдегі «жасыл» энергетиканың әлеуеті әлі де толық пайдаланылмаған. Әкімдік бұл салаға инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Мысалы, облыс орталығында түрік компаниясы «Aksa Energy» қатысуымен құны 215 миллиард теңге болатын жылу электр орталығы салынып жатыр.
Айта кетейік, өңірдегі инвестициялық жобаларға **«Kazakh Invest» ҰК» АҚ аймақтық өкілдігі қолдау көрсетуде. Оның аймақтық директоры Мұрат Балабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта аймақта жалпы қуаты 202 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерін салу бойынша алты жоба жүзеге асырылуда, олардың төртеуі 2025 жылы іске қосылады.
Арал ауданында BI Group қуаты 30 МВт болатын күн электр станциясын салып жатыр, ал Қызылордада 2 МВт-тық деректерді өңдеу орталығының (ЦОД) электр станциясын салу жобасы қаралуда. Сонымен қатар, Шиелі ауданында тағы екі күн электр станциясын салу мәселесі талқылануда.
«Бұл нысандардың құрылысы аймаққа 125 миллион доллар көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Мұрат Балабаев. – Жаңартылатын энергия көздері бойынша инвестициялық жеңілдіктер қарастырылған қызмет түрлері тізіміне кіреді».
Түркістан облысында қуаты 350 МВт-қа дейін кеңейтілетін ЖЭС салынады
АҚШ-та ескі полигондардың орнына күн электр станциялары салынуда
Panasonic күн энергиясын өндіретін әйнекті жаппай шығаруды 2029 жылы бастайды
Гайана шалғайдағы үш ауылда күн электр станцияларын іске қосты
Әзербайжан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы 840 млн текше метр газ үнемдеді
Astana ESG Forum 2026 5 қарашада елордада өтеді
Жетісу облысында «Жаркент-2» күн электр станциясы іске қосылды
Қазақстанда халықаралық инвестицияларды тарту үшін басым климаттық технологиялар айқындалады
БАӘ жаңартылатын энергия қуатын он жылда 63 еседен астам арттырды
Қызылордада энергия жинақтау жүйесі бар күн электр станциясының құрылысы басталды
Филиппинде салынатын КЭС жылына 530 мың тонна CO₂ шығарындыларының алдын алады
Швейцарияда күн панельдері егістіктен үш метр биіктікте орнатылады
Qazaq Green мен Sarens Kazakhstan Қазақстанда жаңартылатын энергетика жобаларын дамыту бойынша ынтымақтастыққа келісті
Африкадағы жел энергетикасының қуаты 11 ГВт-тан асты – GWEC
Үндістанның ACME Solar компаниясы 437 МВт·сағ энергия жинақтау жүйелерін іске қосты
Шотландиядағы қуаты 1,8 ГВт гидроаккумуляциялық электр станциясы стратегиялық инвестор тартты
IRENA басшысы лауазымына екі кандидат ұсынылды
Энергия жинақтау бойынша әлемдік мақсаттар үш есеге жуық өсті, бірақ COP29 міндеттемесіне әлі жеткен жоқ — Ember
Нью-Йорк күн энергиясы арқылы табысы төмен отбасылардың электр шотын азайтпақ
Австралиядағы ең ірі жел электр станциясының жобасы мақұлданды