Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары15.01.2025

Masdar Жамбыл облысындағы жел турбиналарының өндірісіне жергілікті өнімдерді қолдануға ниетті

QAZAQ GREEN.  Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи мен ADNOC компаниясының қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабиге жұмыс сапары аясында Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Masdar компаниясы арасындағы серіктестік жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Президент компания өкілдерімен бірге Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысын жүзеге асыруға қатысты келісімдерге қол жеткізілгенін айтты. Аталған ірі жобаға 1,4 миллиард доллар инвестиция салынады.

Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи компанияның құрылыс жұмыстары бойынша жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ жоба аясында жел турбиналарының өндірісіне жергілікті өнімдерді қолдануға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Рамахи Masdar компаниясының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейте отырып, жаңартылатын энергетика және цифрландыру салаларындағы маңызды жобаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар кездесуге Abu Dhabi National Oil Company (ADNOC) қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салмин қатысты.

Президент еліміздің ADNOC компаниясымен серіктестікті одан әрі дамытуға баса мән беретінін атап өтті.

Халид Салмин екі елдің ұлттық мұнай-газ компаниялары арасындағы өзара ықпалдастықтың перспективаларына тоқталды.

Кездесуде мұнай-газбен қатар геологиялық барлау ісіндегі бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

04.02.2025
Алматыда PowerTech 2025 – көміртексіздендіру және жаңартылатын энергетика бойынша конференция өтеді
04.02.2025
Франция теміржолда күн панельдерін сынауда
04.02.2025
Баку Астанамен және Ташкентпен жасыл энергия бойынша серіктестікті ратификациялады
03.02.2025
Tosyalı түрік металлургиялық компаниясы күн энергетикасына $1 млрд инвестиция салады
03.02.2025
Шағын жел генераторы секторының жаңа дәуірі: G-11 MCS сертификатынан өтті
03.02.2025
Күн энергиясы 2025 жылы АҚШ энергетикасында көшбасшыға айналады
03.02.2025
Дағыстанда ЖЭК-те жұмыс істейтін үш электр станциясы салынады
31.01.2025
 Қара теңіз астындағы кабель: ЕО энергетикалық жобаға €2,3 млрд инвестиция жасауға дайын
31.01.2025
Шымкенттегі мектеп артық күн энергиясын қала тұрғындарына сатады
31.01.2025
The Line: болашақ қаласы сатылы құрылыс кезеңіне көшеді
30.01.2025
БҚО-да күн және жел электр станциялары салынбақ
30.01.2025
Әлемдегі алғашқы 40 МВт қуатты «жел турбиналар қабырғасы» 2029 жылға дейін салынады
29.01.2025
Өзбекстан азаматтары күн энергиясын сату арқылы 1 млн долларға жуық табыс тапты
29.01.2025
Қытайдың энергетикалық жүйесіндегі ЖЭК үлесі 56%-ға жетті
28.01.2025
Ташкентте Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысына қатысты мәселелер талқыланды
28.01.2025
Миллиардер АҚШ-тың Париж келісімінен шығуының салдарын БҰҰ-на өтемек
28.01.2025
Өзбекстанда ғимараттар мен үйлердің шатырларының жартысына күн панельдері орнатылады
28.01.2025
Қырғызстанда ЖЭК жобаларына 4 мың гектар жер жалға берілді
27.01.2025
БҰҰ: 2025 жылы жаңартылатын энергия көздері алғаш рет электр энергиясын өндірудің ең ірі көзіне айналады
27.01.2025
Oxan Energy Эстонияда алғашқы қалқымалы ЖЭС салады