Қазақстан жаңалықтары03.03.2025
Маңғыстау ауданында күн электр станциясы салынады

QAZAQ GREEN. Маңғыстау ауданында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысы жүргізіледі, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Шетпе ауылындағы «Каспийцемент» өндіріс орны бағытынан басталған жоба аймақтың энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, экологиялық таза электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.
Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов құрылыс алаңына барып, мердігер "Stellar Energy" мекемесінің өкілдерімен кездесті. Жоба барысы, құрылыс мерзімі және станцияның болашақта атқаратын жұмыс жайы талқыланды.
Компания басшылығы аталған жобаны іске асыру үшін 5,678 млрд теңге қаржы жұмсайтынын айтты. Құрылыс жұмыстары енді басталған жобаның маусым айында аяқталатынын жеткізді. Аудан әкімі бұл инвестициялық жобаның ел үшін тигізер пайдасы көп дейді.
«Мемлекет басшысы өңірлер дамуының қажетті тұстарына инвестиция тарту жөнінде тапсырма берген болатын. Облыс әкімінің қолдауымен ауданда күн электр станциясы жобасы бастау алды. Бүгінде көптеген елдерде электр энергиясына тапшылық байқалады. Қосымша жаңа жұмыс орнын ашу мүмкіндігін ескерсек, бұл аса қажетті инвестициялық жобалардың бірі деп есептеймін», - деді Ғалымжан Ниязов.
Құрылыс жұмыстары кезеңінде жергілікті ауыл азаматтарынан 100 тұрғынды, станция толық қуатында жұмысқа кіріскенде тұрақты жұмыспен 10 адамды қамту жоспары бар. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс көзі ашылып, өңірдегі жасыл экономиканың дамуына серпін береді.
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты