Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары07.03.2025

Қазақстандықтар жасыл энергетика саласында қандай патенттер тіркеді

QAZAQ GREEN.  Соңғы 10 жылдың ішінде отандық өнертапқыштар жел генераторы, күн панельдерін тазалау жүйесі, бірнеше сатылы күн және жел қондырғылары сынды көптеген өнертабысты патенттеді, сообщает Kazinform.

Еліміздің Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетіне қарасты Ұлттық зияткерлік меншік институтының мәліметінше, 2015-2024 жылдары аралығында елімізде жаңартылатын энергия саласында 272 патент тіркелген.

«Жел энергиясын пайдаланатын өнертабыстарға патенттің ең көп саны тіркелді - 129, судың гидродинамикалық энергиясын қолданатын патенттер саны - 61. Күн сәулесі энергиясын қолданатын өнертабыстардың саны – 44, геотермалды энергияны пайдаланатын өнертабыстарға патенттердің ең аз саны берілген – 38», - деп нақтылады институттан.

Мысалы, 2017 жылы Блок Шайкенов «Жел дөңгелегі және үнемді электр энергиясын өндіру үшін қалақшалары бүгілген жел дөңгелегін жасау әдісі» өнертабысына патентін алды. Өнертабыс кейінірек еуропалық, америкалық, қытайлық, жапондық және оңтүстік кореялық патенттер түрінде тіркелді, тіпті «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылды. Оның артықшылығы - хоккей таяқшасы түріндегі жел дөңгелегінің арнайы дизайнының арқасында жел энергиясын пайдалану коэффициентінің жоғарылауы, сондай-ақ жел қондырғысының материалдары мен салмағының азаюы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылы күн энергиясын ұтымды пайдалану үшін күн панельдерінің қорғаныш пластиналарын шаңнан тазарту жүйесін патенттеді. Жаңартылатын энергия көздерінің қуаты аз нысандарына құрастыратын отандық «Tree Energy» компаниясы қуаты 3,5 және 10 кВт-тың жел генераторларына патент топтамасын тіркеді.

Өткен жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті электр энергиясын өндірудің гидроэлектрлік энергия жүйесін патенттеді, ал көп ұзамай бұл өнертабысты Еуразиялық патенттік ведомствода тіркеді. Шағын ГЭС-ті атом өнеркәсібі кәсіпорындарында құм тұндырғышқа түсетін технологиялық ерітінділердің қозғалысы кезінде электр энергиясын өндіру есебінен пайдалануға болады.

Қызықты өнертабыстардың қатарына күмбезді күн трекері, жел электр станциясы, күн электр қондырғысының фотоэлектрлік модулі, вакумдық фракталдық күн коллекторы, күн коллекторына негізделген жылумен жабдықтау жүйесі және басқалары бар.

Бір қызығы, бізде ЖЭК саласында патенттер көп бола алар еді. Бірақ олардың көпшілігі мемлекеттік баж салығын төлемеу себебінен мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның жыл сайынғы белгіленген мөлшері азаматтардың санатына байланысты белгіленеді – заңды тұлға, жеке тұлға, жеңілдік иеленушілер.

Мұның үстіне институт әр патенттің өз мерзімі бар екендігін алға тартады: пайдалы модельге – 5 жыл, өнертабыстарға – 20 жыл. Содан кейін патентті үш жылға ұзартуға өтініш беруге болады. Бірақ егер патентке қолдау көрсетілмесе, онда өтініш беруші мерзімін қалпына келтірмейді және патент қоғамдық игілікке айналады.

Бұған дейін отандық ғалымдар 3 жылда 81 халықаралық патент алғанын жазған едік.

 

11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу