Қазақстан жаңалықтары12.05.2025
Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлері жасыл энергетикаға көшудің бір бөлігіне айналуы тиіс

QAZAQ GREEN. Ауа сапасын бақылау технологияларына маманданған швейцариялық IQAir компаниясының мәліметтері бойынша Алматы биыл әлемдегі ең ластанған қала атанды. Ауа сапасының индексі 256-ға жетіп, Қазақстан халқы ең көп қала тұрғындарына сақтық шараларын сақтауға: бетперде киюге, терезелерді жабық ұстауға және денсаулықтарын сақтау үшін ауа тазартқыштарды қолдануға кеңес берілді. Бұл туралы Орталық Азия университетінің (Бішкек, Қырғызстан) экологиялық саясат жөніндегі сарапшысы және бағдарлама ассистенті Савва Браун Astana Times-та– жазған.
Қазақстан тұрғындары бұдан былай ауаның, судың және топырақтың ластануынан зардап шекпейтін қазба отынсыз болашаққа дайындалу үшін экономикасын тез арада көміртексіздендіруі қажет. Алайда, бұл өтпелі кезең қазбалы отын өнеркәсібіне ең тәуелділер артта қалмауы және өміршең экономикалық баламалармен қамтамасыз етілуі үшін әділ болуы тиіс.
Көмір өнеркәсібі, сондай-ақ басқа да пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу өте көп мөлшерде ластаушы заттарды шығарады. Сондықтан экономикасы өнеркәсіпке қатты тәуелді Павлодар, Шымкент, Екібастұз, Өскемен, Қарағанды, Теміртау сияқты қалаларда ауаның ластану деңгейі республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің қатарында. Қазақстанның қоршаған ортасының ластануына ең көп үлес қосып отырған бұл қалалар сондай ақ ең көп зардап шегетін қалалар қатарында. Олар әсіресе ұлттық деңгейдегі көмірқтексіздендіру жұмыстарының жанама әсерлеріне осал.
Екі жыл бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді 2060 жылға қарай толық көміртексіздандыру жөніндегі өршіл мақсатты жариялаған болатын. Бұл бүкіл елдегі өнеркәсіпте елеулі өзгерістерді талап етеді: көмір өндіру тоқтатылады, болат құю зауыттары мен фабрикалар жасыл технологиялармен жабдықталады, күн, жел және су электр энергиясының үлкен инфрақұрылымын салу қажет болады.
Мұндай өзгерістер Қазақстан экономикасын өзгертеді, өйткені көмір елдегі энергия өндірудің 70%-ын құрайды.
Сарапшылар көміртексіздендірудің пайдасы туралы айтуы өз алдына, бірақ олар қазақстандықтардың өздері не ойлайды деп өздеріне сұрақ қойды ма екен?
Жақында Бенквочтың қаржыландыруымен Орталық Азия университеті жүргізген зерттеу климаттың өзгеруіне және экономиканы көміртексіздендіру перспективаларына қатысты көзқарастарын білу үшін бүкіл ел бойынша 1000 қазақстандыққа сауалнама жүргізді. Біз халықтың климаттың өзгеруі туралы хабардарлығын бағалап, олардың қазбалы отыннан бас тарту туралы алаңдаушылығын түсініп, мемлекеттің энергетикалық саясатына деген көзқарасын білгіміз келді. Бізді әсіресе өнеркәсіптік тәуелді өңірлерде тұратын адамдардың пікірлері қызықтырды, өйткені олар көміртексіздендіру бойынша кез келген күш-жігердің басында болады. Зерттеу нәтижелері бізді таң қалдырды.
Өнеркәсіптік және ауылдық елді мекендердің тұрғындары негізінен таза энергияға көшуді қолдайды. Сауал алынғандардың шамамен 76,8%-ы жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қолдайды, ал респонденттердің 92,3%-ы климаттың өзгеруінің салдары туралы хабардар болып шықты. Дегенмен, өнеркәсіптік қалалардың тұрғындары арасында жұмыс орындарының қысқаруы мүмкін екендігі туралы қатты алаңдаушылық бар. Бұл алаңдаушылық үкіметтің осы саладағы саясаты туралы хабардар болмауымен байланысты болуы мүмкін: респонденттердің 54,8%-ы өз елдерінің энергетикалық көшу саласындағы саясаты туралы білмейді.
Адамдар, әсіресе экономикасы қазба отындарына тәуелді өнеркәсіптік өңірлерде тұратындар, үкімет саясаты туралы жақсырақ хабардар болғысы келеді. Билік қоғамдық пікірге тиімді әрекет ету үшін азаматтар мен үкімет арасындағы кері байланыс тетіктерін жетілдіруі тиіс. Үкімет кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу, білім беру инфрақұрылымын және бейімделген бизнес ортасын құру арқылы осы өңірлерге көбірек инвестиция салуы тиіс.
Сәтті көшудің негізгі элементі көміртексіздендіруден көбірек зардап шегетіндерге қолдау көрсету болып табылады. АҚШ-тағы Аппалачи өңірінің мысалы тәуекелдерді анық көрсетеді: баламалы мүмкіндіктердің болмауы кезінде көмір өнеркәсібінің тез құлдырауы экономикалық қиындықтарға, халықтың наразылығына және әлеуметтік шиеленістің артуына әкелді.
Көміртексіздендіру жаһандық климаттық дағдарыспен күресу үшін ғана емес, сонымен қатар ауаның ластануы секілді жергілікті мәселелерді шешу үшін де қажет. Дегенмен, ол қазба отынға тәуелді салалар біртіндеп жойылып, азаматтарға болашақта экономикалық тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз ететін жасыл баламалар ұсынылатын әділ өтпелі кезең аясында өтуі тиіс. Билік ешкімнің назардан тыс қалмауы үшін әйелдер секілді осал топтармен өзара әрекеттесуге ерекше назар аударуы тиіс. Талқылауға ауылдық және өнеркәсіптік өңірлер тартылмайынша мұндай көшу мүмкін емес. Мақсатты ақпараттандыру науқандары, инвестицияларды ұлғайту және үкіметтің тәуекелге ұшырағандарды тыңдау үшін адал күш салуы қажет.
Қазақстанның болашағы жарқын және жасыл. Біз қазба отыннан бас тартудың артықшылықтарынан әрбір адам пайда алатындай болуын қамтамасыз етуіміз қажет.
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды
Аукцион қорытындысы: Оңтүстік Қазақстанда 20 МВт КЭС салынады
Қазақстан 2050 жылға қарай ЖЭК үлесін 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
Қазақстан мен Әзірбайжан «таза» энергияны Еуропаға экспорттау үшін күш біріктіреді
Қостанай облысында алғашқы күн энергиясын нетто-тұтынушы пайда болды
Аукцион нәтижесі: KSN Solar күн электр станциясын салады
Зерттеу: 2%-ы толысу және теңіз күн энергиясы CO2 шығарындыларын айтарлықтай төмендете алады
Павлодар облысында 1 ГВт-тық ЖЭС салынады
Оңтүстік аймақта 20 МВт КЭС салуға арналған аукционның жеңімпазы анықталды
Қазақстан Power Central Asia + China форумында ЖЭК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті
ЖЭК аукционы: 30 МВт күн электр станциясын Vigor Holding салады
Power Central Asia + China: Қазақстан мен Қытай арасында маңызды энергетикалық келісімдерге қол қойылды
Қытайдағы ең ірі энергия жинақтау жобасы пайдалануға беру кезеңіне шықты