Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары13.05.2025

«Жасыл» технологияларға инвестициялар тарту AIF форумы тақырыптарының бірі болмақ

QAZAQ GREEN. 29-30 мамырда Мемлекет басшысының төрағалығымен Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді. Оған әлемдік көшбасшылар, сарапшылар, инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысады. Форум бағдарламасына пленарлық отырыс және 25 пікірталас алаңы кіреді. Талқыланатын тақырыптардың бірі – Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаменті директорының орынбасары Рүстем Қыдырбеков BaigeNews.kz-ке берген сұхбатында айтып берді.

«Форумда жаңартылатын энергия көздеріне қатысты мәселелердің кең ауқымын талқылау жоспарлануда. Негізгі назар жаһандық энергетикаға көшу, экономиканы көміртексіздандыру, табиғи ресурстарды тұрақты басқару, сондай-ақ жасыл технологияларға инвестициялар тарту тетіктеріне аударылады. ЖЭК дамыту мәселелеріне, сондай-ақ осы саладағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастыққа назар аударылады деп күтілуде», - деді Рүстем Қыдырбеков.

Ол техникалық және салалық іс-шаралар шеңберінен шығатын жүйелі, стратегиялық мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін форумды өткізу өзекті екенін айтады. Бұл тәжірибе алмасуға ғана емес, жаһандық климат пен экономикалық сын-қатерлерді ескере отырып, ЖЭК жедел дамытудың ортақ тәсілдерін белгілеуге мүмкіндік береді.

«Алдын ала бағдарламаға сәйкес, халықаралық ұйымдардың, талдау орталықтарының өкілдері, сондай-ақ мемлекет басшылары, үкімет өкілдері, тұрақты энергетикаға маманданған компанияларды қоса алғанда, халықаралық сарапшылардың кең ауқымы қатысады деп жоспарлануда. Спикерлер арасында климаттық саясатты дамыту, энергия нарығын реттеу және жаңартылатын энергия өндіруді енгізу бойынша практикалық тәжірибесі бар мамандар қатысады деп күтілуде", - деді Қыдырбеков.

Бұған дейін вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астана халықаралық форумы алғаш рет демеушілер есебінен өтетінін мәлімдеген болатын. Оған бюджеттен қаржы бөлінбейді.   

24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
24.06.2025
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
23.06.2025
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
23.06.2025
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
23.06.2025
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
23.06.2025
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды
20.06.2025
Аукцион қорытындысы: Оңтүстік Қазақстанда 20 МВт КЭС салынады
19.06.2025
Қазақстан 2050 жылға қарай ЖЭК үлесін 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
19.06.2025
Қазақстан мен Әзірбайжан «таза» энергияны Еуропаға экспорттау үшін күш біріктіреді
19.06.2025
Қостанай облысында алғашқы күн энергиясын нетто-тұтынушы пайда болды
18.06.2025
Аукцион нәтижесі: KSN Solar күн электр станциясын салады
18.06.2025
Зерттеу: 2%-ы толысу және теңіз күн энергиясы CO2 шығарындыларын айтарлықтай төмендете алады
18.06.2025
Павлодар облысында 1 ГВт-тық ЖЭС салынады
17.06.2025
Оңтүстік аймақта 20 МВт КЭС салуға арналған аукционның жеңімпазы анықталды
17.06.2025
Қазақстан Power Central Asia + China форумында ЖЭК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті
16.06.2025
ЖЭК аукционы: 30 МВт күн электр станциясын Vigor Holding салады
16.06.2025
Power Central Asia + China: Қазақстан мен Қытай арасында маңызды энергетикалық келісімдерге қол қойылды
16.06.2025
Қытайдағы ең ірі энергия жинақтау жобасы пайдалануға беру кезеңіне шықты