Қазақстан жаңалықтары15.05.2025
Премьер Қостанай облысындағы «жасыл» энергетиканың дамыту жоспарымен танысты

QAZAQ GREEN. Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол желісін дамыту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру, энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды премьердің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Премьер-министрге өңірдегі «жасыл» энергетиканы дамыту бойынша жоспарлар таныстырылды. Қостанай облысында энергия жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр стансасын салу жөніндегі бастамаға назар аударылды. 2025–2028 жылдары 165 жел генераторын орнату қарастырылуда. Жел электр стансасының құрылысы көміртегі қалдықтарын жылына 3,3 млн тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, Арқалық қаласы мен Қостанай ауданында қуаттылығы 150 МВт болатын үш жел электр стансасының құрылысы көзделген. Жалпы, алдағы екі жылда ЖЭК саласында жиынтық қуаты 1,2 ГВт болатын 6 жаңа жоба іске асырылады. Бастамаларды жүзеге асыру қорытындысы бойынша өңірде электр энергиясын өндіру 10 есеге артады. Электр энергиясын қосымша өндіру өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жоспарларды ескере отырып, өңірдің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік береді. 2028 жылға қарай Қостанай облысының баламалы энергия көздерінің жалпы өнімділігін 1,3 ГВт-қа дейін жеткізу жоспарлануда.
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды
Аукцион қорытындысы: Оңтүстік Қазақстанда 20 МВт КЭС салынады
Қазақстан 2050 жылға қарай ЖЭК үлесін 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
Қазақстан мен Әзірбайжан «таза» энергияны Еуропаға экспорттау үшін күш біріктіреді
Қостанай облысында алғашқы күн энергиясын нетто-тұтынушы пайда болды
Аукцион нәтижесі: KSN Solar күн электр станциясын салады
Зерттеу: 2%-ы толысу және теңіз күн энергиясы CO2 шығарындыларын айтарлықтай төмендете алады
Павлодар облысында 1 ГВт-тық ЖЭС салынады
Оңтүстік аймақта 20 МВт КЭС салуға арналған аукционның жеңімпазы анықталды
Қазақстан Power Central Asia + China форумында ЖЭК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті
ЖЭК аукционы: 30 МВт күн электр станциясын Vigor Holding салады
Power Central Asia + China: Қазақстан мен Қытай арасында маңызды энергетикалық келісімдерге қол қойылды
Қытайдағы ең ірі энергия жинақтау жобасы пайдалануға беру кезеңіне шықты