Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары16.05.2025

«Жасыл» энергетика: Алматы облысы инвестиция мен даму қарқыны бойынша алда келеді

QAZAQ GREEN.  Алматы облысы еліміздегі «Жасыл» энергетиканы дамыту бойынша көшбасшы өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Бүгінде өңірде жалпы қуаты 328,1 МВт болатын 23 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында – қуаты 25,78 МВт болатын 8 шағын су электр станциясы, 142 МВт-тық 9 жел электр станциясы және 160,365 МВт-тық 6 күн электр станциясы бар, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өңірдегі электр энергиясын орташа тұтыну көлемі 550–630 МВт аралығында. 2024 жылы бұл көрсеткіш 608,4 МВт-қа жетті. Оның 303,31 МВт-ы – облыс ішінде өндірілген, оның ішінде 62,36 МВт – жаңартылатын энергия көздерінің үлесі (Іле және Шарын өзендеріндегі ірі СЭС-терді есептемегенде). Қалған 305,09 МВт басқа өңірлерден сатып алынады.

Жаңа жобалар мен инвестициялар

2024 жылы Жамбыл ауданында қуаты 3 МВт болатын жаңа су электр станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаның инвестициялық көлемі – 1,9 млрд теңге, 5 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, биыл жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға арналған екі аукцион өткізілді. Қонаев қаласындағы қуаты 100 МВт болатын КЭС жобасы бойынша жеңімпаз ретінде «Дамона» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жамбыл ауданында қуаты 20 МВт болатын ұқсас жобаны «Dala Solar» ЖШС жүзеге асырып жатыр – қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда, нысан да 2026 жылы іске қосылады деп күтілуде.

2025 жылға арналған Энергетика министрлігінің жоспарына Қонаев қаласында қуаты 40 МВт болатын екі КЭС салу бойынша тағы екі аукцион енгізілген.

Инвесторлардың қызығушылығы және салалық кедергілер

2023–2024 жылдары облыстық энергетика басқармасына жалпы қуаты шамамен 1400 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға ниетті 20-ға жуық инвестордан өтінім түсті. Бұл жобалар бойынша күтілетін инвестиция көлемі – 1 триллион теңгеден асады.

Алайда, жобалардың іске асырылуын тежейтін негізгі кедергілердің бірі – өндірілген электр энергиясын сатып алу кепілдігінің болмауы. Жергілікті атқарушы органдар мұндай кепілдік бере алмайды, бұл ірі инвесторлардың келуіне тосқауыл болып отыр.

Энергетика министрлігінің аукциондық саудасы арқылы 2030 жылға дейін Алматы облысында іске асырылатын 14 жаңартылатын энергия көздері жобасы айқындалған. Бұл жобалардың жалпы қуаты – 184 МВт. Оның ішінде 100 МВт-тық бір күн электр станциясы, 9,4 МВт-тық екі биоэлектр станциясы және 74,9 МВт-тық он бір шағын су электр станциясы бар.

«Алматы облысы жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша елеулі әлеуетке ие. Инвесторлардың жоғары қызығушылығын байқап отырмыз. Ендігі мақсатымыз – жобаларды жүзеге асыру үшін барынша ашық әрі болжамды жағдай жасау. Бүгінгі таңда тек өндіріс көлемін арттыру ғана емес, сонымен қатар ЖЭК-ті жалпы энергетикалық жүйеге тиімді интеграциялау үшін сенімді инфрақұрылым қалыптастыру маңызды», – деді Алматы облысының энергетика басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.

24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
24.06.2025
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
23.06.2025
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
23.06.2025
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
23.06.2025
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
23.06.2025
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды
20.06.2025
Аукцион қорытындысы: Оңтүстік Қазақстанда 20 МВт КЭС салынады
19.06.2025
Қазақстан 2050 жылға қарай ЖЭК үлесін 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
19.06.2025
Қазақстан мен Әзірбайжан «таза» энергияны Еуропаға экспорттау үшін күш біріктіреді
19.06.2025
Қостанай облысында алғашқы күн энергиясын нетто-тұтынушы пайда болды
18.06.2025
Аукцион нәтижесі: KSN Solar күн электр станциясын салады
18.06.2025
Зерттеу: 2%-ы толысу және теңіз күн энергиясы CO2 шығарындыларын айтарлықтай төмендете алады
18.06.2025
Павлодар облысында 1 ГВт-тық ЖЭС салынады
17.06.2025
Оңтүстік аймақта 20 МВт КЭС салуға арналған аукционның жеңімпазы анықталды
17.06.2025
Қазақстан Power Central Asia + China форумында ЖЭК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті
16.06.2025
ЖЭК аукционы: 30 МВт күн электр станциясын Vigor Holding салады
16.06.2025
Power Central Asia + China: Қазақстан мен Қытай арасында маңызды энергетикалық келісімдерге қол қойылды
16.06.2025
Қытайдағы ең ірі энергия жинақтау жобасы пайдалануға беру кезеңіне шықты