Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары13.06.2025

Астанада Power Central Asia – China атты өңірлік энергетикалық форумы өтеді

QAZAQ GREEN.  2025 жылғы 16–17 маусымда Астанада «Орталық Азия – Қытай» Саммиті аясында «Power Central – Asia China» алғашқы өңірлік энергетикалық форумы өтеді.

Форумды ҚР Энергетика министрлігі мен «Инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығы» ЗТБ (АСИИР) ұйымдастыруда. Ауқымды шараға жетекші энергетикалық корпорациялар мен институттар, оның ішінде China Southern Power Grid, PowerChina, Huawei, Energy China, China Datang, LONGi, KEGOC, Samruk-Energy, KazMunayGaz, QazaqGaz және Kazakh Invest компаниялары қолдау көрсетуде. Іс-шара Hilton Astana қонақүйінде өтеді.

Қазақстан – өңірлік энергетикалық хаб ретінде

Форумның негізгі мақсаты – инвестициялық, индустриялық және ғылыми-білім беру саласындағы бірлескен жобаларды саралау. Сондай-ақ еліміздің жасыл энергетика, цифрлық технологиялар мен өнеркәсіптік кооперациясын дамыту бойынша жетекші өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.

Басқосуда экономиканың негізгі салаларына, яғни жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), сутегі энергетикасы мен отын-энергетика кешенін (ОЭК) ESG талаптарына (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) сәйкес жаңғыртуға инвестиция тарту мәселелері талқыланады.

Мазмұнды бағдарламалар мен негізгі тақырыптар

Форум бағдарламасы келесі өзекті тақырыптарды қамтиды:

·        ҚР Энергетика министрі мен қатысушы елдердің жоғары деңгейлі ресми делегациялары қатысатын пленарлық отырыс;

·        Энергетикалық ауысым, BESS, HVDC, Smart Grid, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект (AI) технологияларын дамыту, ЖЭК интеграциясы, сутегі энергетикасы мен СЖЭС болашағы, ESG стандарттарын енгізу және индустрияландыру мәселелеріне арналған 22 тақырыптық панельдік сессия.

·        Заңнамалық бастамаларды талқылауға арналған дөңгелек үстелдер, сондай-ақ тікелей байланыс орнатуға арналған B2B, G2B және G2G форматындағы кездесулер;

·        Технологиялар көрмесі. Жетекші компаниялар өздерінің инновациялық шешімдері мен үздік жабдықтарын ұсынады.

Қатысушылар:

Форумға энергетикалық нарықтың негізгі өкілдері мен мемлекеттік құрылымдардың мамандары қатысады:

·        Қытай, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің үкіметтік делегациялары;

·        KEGOC, Samruk-Energy, QazaqGaz, KazMunayGas, PowerChina, Huawei, LONGi секілді ірі энергетикалық және өнеркәсіптік корпорациялардың басшылары;

·        Азиялық даму банкі (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) секілді халықаралық қаржы институттарының өкілдері;

·        Академиялық және ғылыми қауымдастықтың өкілдері.

Күтілетін нәтижелер мен бастамалар

Форум жұмысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:

·        Ынтымақтастық туралы 20-дан астам стратегиялық келісім мен меморандумға қол қою;

·        Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды таныстыру;

·        Форумның тұрақты жұмыс істейтін Хатшылығын құру және бірлескен жобаларды бақылауға арналған цифрлық платформаны іске қосу;

·        Энергетика саласындағы жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған бірлескен білім беру және кадрлық бастамаларды іске асыру.

 

14.07.2025
Кристалданудың жаңа тәсілі екіжақты перовскитті күн элементтерінің тиімділігін арттырды
14.07.2025
Флоат-вольтаика: Үндістан фотоэлектрикаға түбегейлі жаңа көзқарасты сынауда
11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
11.07.2025
Еуропалық одақта алғаш рет күн энергиясы электр энергиясының ең ірі көзіне айналды
10.07.2025
Орталықтандырылмаған ЖЭК Зимбабвенің ауылдық жерлерінде медицинаны өзгертуде
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты