Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары16.06.2025

Power Central Asia + China форумы мұнай-газ химиясы мен «жасыл» энергетика саласында стратегиялық жобаларды іске қосады

QAZAQ GREEN. Бүгін Астанада Power Central Asia + China алғашқы өңірлік энергетикалық форумы басталды. Халықаралық шара ҚР Энергетика министрлігі мен «Инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығының» (АСИИР) ұйымдастыруымен өтуде. «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында ұйымдастырылған басқосуда үкіметтік және іскерлік топ өкілдері энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық бастамаларды талқылап, іске қосуды жоспарлауда.

Форумның басты мақсаты – Мемлекет басшылары  қол жеткізген екі ел арасындағы саяси ынтымақтастық пен келісімдерді іске асыру. Нәтижесінде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтатын, шикізатты терең өңдеуді жеделдететін және тиімді энергетикалық экономикаға көшуге жағдай жасайтын стратегиялық жобалар жүзеге асып, ірі инвестициялық келісімдер жасалады.

Форумның негізгі бағыттары

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жиынды ашып, өз сөзінде форумның негізгі басымдықтарын атап өтті:

«Энергетикалық ынтымақтастық – Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестіктің өзегі. Бүгінде біз «алтын отыз жылдыққа» қадам баса отырып, мемлекетаралық байланысты дамыту тарихында жаңа деңгейге көтеріліп жатырмыз. Негізгі бастамалар қатарында – Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауыт салу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаларды іске асыру бар. Бұл – әртараптандырылған, технологиялық экономика құруға бағытталған қадамдар».

Флагмандық жобалар мен келісімдер

Пленарлық сессия барысында Қазақстан мен Қытай өкілдері стратегиялық келісімдер арқылы жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды:

Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту: ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ мен CNPC зауыт қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыруға бағытталған негіздемелік келісімге қол қояды. Нәтижесінде еліміздің шикізат өңдеу, мұнай өнімдерін экспорттау әлеуеті артады.

  • Мұнай-газ химиясы саласы:

Бір уақытта газ-химия өнеркәсібін дамытудың жаңа кезеңі басталды — Ақтөбе облысында карбамид өндіру жобасын іске асыруға қатысты Негіздемелік келісімге қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, CNPC және Ақтөбе облысы әкімдігінің қатысуымен жасалған. Жоба аграрлық сектор мен Қазақстанның газ-химия саласы үшін маңызды мәнге ие.

  • Газ саласы:

Терең өңдеу жобаларымен қатар, тараптар газды барлау және өндіру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты. «Солтүстік-1» жобасын қолдау жөніндегі Үшжақты мәлімдемеге қол қойылды. Бұл мәлімдемеге Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және CNPC қол қойды және ол көмірсутек саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. «Жасыл» энергетика: Форум жаңа бастамаларға жол ашады.

Мәселен, энергия жинақтау құрылғысымен жабдықталған «Сауран» күн электр станциясының құрылысы, China Southern Power Grid компаниясымен гидроаккумуляциялық станциялар салу және China Energy International компаниясымен сутегі энергетикасы саласында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған.

Технологиялық ынтымақтастық және өндірісті жергіліктендіру

Қытайлық PowerChina, Huawei және Longi корпорациялары Қазақстан аумағында озық технологияларды енгізіп қана қоймай, оларды жергіліктендіруге де дайын екендіктерін жеткізді. Форум аясында зерттеу және даму (R&D) орталықтарын құру, цифрлық шешімдерді енгізу және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту жөнінде бірқатар келісімдер жасалады.

Қорытынды және тың жобалар бастауы

Форумдағы шешуші сәт – энергетика саласының жетекші өкілдері мен инвесторлардың келісімдер топтамасына ресми қол қою рәсімі. Негізгі құжаттардың қатарында Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту, газ-химия өндірісін құру және жаңартылатын энергия көздері технологияларын енгізу жөніндегі келісімдер бар.

Power Central Asia + China форумы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын көрсетті. Қол қойылған келісімдер мен ауқымды жобалар өңірлік энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты экономиканың негізі болмақ.

14.07.2025
Кристалданудың жаңа тәсілі екіжақты перовскитті күн элементтерінің тиімділігін арттырды
14.07.2025
Флоат-вольтаика: Үндістан фотоэлектрикаға түбегейлі жаңа көзқарасты сынауда
11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
11.07.2025
Еуропалық одақта алғаш рет күн энергиясы электр энергиясының ең ірі көзіне айналды
10.07.2025
Орталықтандырылмаған ЖЭК Зимбабвенің ауылдық жерлерінде медицинаны өзгертуде
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты