Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары17.06.2025

Қазақстан Power Central Asia + China форумында ЖЭК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті

QAZAQ GREEN. Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласында айтарлықтай өсім байқалады: соңғы он жылда елдегі ЖЭК нысандарының жалпы орнатылған қуаты 17 еседен астамға артып, 3082 МВт-қа жетті.

Бүгінгі таңда «жасыл» генерация елдегі жалпы электр энергиясы өндірісінің 6,43%-ын қамтамасыз етіп отыр. Бұл жетістіктер мен алдағы жоспарлар Power Central Asia + China өңірлік энергетикалық форумында таныстырылды.

Мұндай қарқынды даму – экологиялық таза, тұрақты және экономикалық тұрғыдан тиімді энергетикалық жүйені қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі. 2018 жылдан бастап Қазақстанда іске қосылған ашық аукциондық механизм аясында 13 елден 260-қа жуық компания тартылды. Бұл тек қуат көздерін арттырып қана қоймай, сонымен қатар «жасыл» электр энергиясының тарифтерін де едәуір төмендетуге мүмкіндік берді: жел электр станцияларына – шамамен 2 есеге, күн электр станцияларына – 2,5 есеге дейін.

Инвесторлар үшін өңірдегі ең тартымды шарттар жасалған: 20 жылға дейінгі электр энергиясын сатып алу келісімшарттары, тарифтерді индекстеу, сондай-ақ инвестициялық преференциялар қарастырылған. Бұл саясаттың стратегиялық мақсаты — экологияны жақсарту ғана емес, сонымен бірге елдің энергетикалық тәуелсіздігін күшейту, заманауи технологияларды енгізу және жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын құру.

Басты жетістіктер мен жақын болашақтағы жоспарлар:

  • Қазақстан бойынша 156 ЖЭК нысаны іске қосылған, оның ішінде 63 жел және 48 күн электр станциясы;
  • 2025 жылы жалпы қуаты 455,5 МВт болатын тағы 9 нысан пайдалануға беріледі;
  • Қытай, Франция, БАӘ және Ресейдің стратегиялық инвесторлары Қазақстанмен 5 ГВт-қа жуық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Үкіметтің басты мақсаты — елдің энергетикалық теңгеріміндегі ЖЭК үлесін 15%-ға дейін арттыру. Осы мақсатта 2030 жылға дейін жалпы қуаты 2258 МВт болатын 91 жаңа жобаны іске қосу көзделуде. Сол арқылы ЖЭК-тің орнатылған жалпы қуаты 10 ГВт-қа жетеді.

Энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін жобаларға ерекше көңіл бөлінуде. Гидроэнергетиканы дамыту жоспары бекітіліп, энергияны тиімді жинауға және сақтауға мүмкіндік беретін гидроаккумуляциялық электр станцияларын (ГАЭС) салу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі — ұлттық деңгейдегі басты басымдықтардың бірі. Бұл тұрақты даму, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларды тарту жолындағы сенімді қадам.

 

14.07.2025
Кристалданудың жаңа тәсілі екіжақты перовскитті күн элементтерінің тиімділігін арттырды
14.07.2025
Флоат-вольтаика: Үндістан фотоэлектрикаға түбегейлі жаңа көзқарасты сынауда
11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
11.07.2025
Еуропалық одақта алғаш рет күн энергиясы электр энергиясының ең ірі көзіне айналды
10.07.2025
Орталықтандырылмаған ЖЭК Зимбабвенің ауылдық жерлерінде медицинаны өзгертуде
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты