Қазақстан жаңалықтары23.06.2025
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті

QAZAQ GREEN. 2025 жылғы 23 маусымда ЕЭС РК-ның барлық аймақтары бойынша жиынтық қуаты 50 МВт болатын шағын гидроэлектростанция құрылыс жобаларын іріктеу мақсатында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтар өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 12 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 21 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылар ұсынған жиынтық қуат көлемі 40,07 МВт-ты құрады.
2025 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша өткізілген аукциондық сауда-саттықтарда бастапқы аукциондық баға 41,23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) деңгейінде белгіленді.
Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 41,23 теңге/кВтсағаттан 39,67 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.
Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компаниялар анықталды:
«Ulken Qaqpaq ГЭС-2» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 2,5 МВт, аукциондық баға – 40 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«DOSTYQ-HYDRO» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 0,450 МВт, аукциондық баға – 39,67 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«ТАУЭНЕРГО» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 3,2 МВт, аукциондық баға – 39,72 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«Jasyl qýat» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық баға – 41,05 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«QazQuat-AQSU» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 4,99 МВт, аукциондық баға – 40,07 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«Electrical Energy» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 3,93 МВт, аукциондық баға – 41,18 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«НЭК Жарык Энерго» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 8,6 МВт, аукциондық баға – 39,69 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«Смарт РеЭнерджи» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық баға – 40,02 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«QazQuat-TURGEN» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 2,6 МВт, аукциондық баға – 40,02 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«GES CORPORATION» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық баға – 39,82 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«ТК-Мост XXI» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 4,9 МВт, аукциондық баға – 40,05 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
«Qaratal Hydro» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 4,9 МВт, аукциондық баға – 41,17 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ECOJER» Қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.
Қазақстан Республикасының Барлық аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 200 МВт ГЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2025 жылдың 24 маусымға жоспарланған.
Кристалданудың жаңа тәсілі екіжақты перовскитті күн элементтерінің тиімділігін арттырды
Флоат-вольтаика: Үндістан фотоэлектрикаға түбегейлі жаңа көзқарасты сынауда
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
Еуропалық одақта алғаш рет күн энергиясы электр энергиясының ең ірі көзіне айналды
Орталықтандырылмаған ЖЭК Зимбабвенің ауылдық жерлерінде медицинаны өзгертуде
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты