Қазақстан жаңалықтары26.06.2025
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты

QAZAQ GREEN. Аукциондық сауда тетігі енгізілгеннен кейін Қазақстан жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыруға 14 елден 260-тан астам компанияны тартты. Инвесторлар қатарында Қытай, Германия, Түркия, Франция, БАӘ, Оңтүстік Корея және өзге де елдердің өкілдері бар, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан «жасыл» энергетика саласына инвестиция тарту тұрғысынан сенімді әрі ашық алаң ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Бүгінде ел аумағында жалпы орнатылған қуаты 3 122 МВт болатын 156 жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысаны жұмыс істеп тұр. 2024 жылдың соңында олардың саны 153, қуаты 3 032 МВт болған.
2024 жылы ЖЭК арқылы өндірілген электр энергиясының көлемі 7,581 млрд кВт·сағ-қа жетті. Оның негізгі үлесін –4,513 млрд кВт·сағ –жел электр станциялары қамтамасыз етті. Одан кейінгі орында –күн электр станциялары (1,889 млрд кВт·сағ), шағын ГЭС (1,177 млрд кВт·сағ) және биоэнергетика (1,58 млрд кВт·сағ).
Қазіргі уақытта жалпы қуаты 2 258 МВт болатын 91 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында жел, күн, шағын су және биоэнергетикалық нысандар бар.
2027 жылдың соңына дейін жалпы қуаты 4,6 ГВт болатын ЖЭК жобалары бойынша жаңа аукциондар өткізу жоспарланып отыр. Негізгі басым бағыттар: энергияны сақтау жүйелерін дамыту, В2В келісімшарттарын жетілдіру, ЖЭК-ті теңгерімдеуші нарыққа интеграциялау, шағын генерацияны қолдау және ЖЭК объектілері үшін диспетчерлік артықшылықты алып тастау.
Жүйелі тәсіл, инвестициялардың ауқымы және халықаралық қатысу Қазақстанды жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында өңірлік көшбасшылардың біріне айналдырып отыр.
Кристалданудың жаңа тәсілі екіжақты перовскитті күн элементтерінің тиімділігін арттырды
Флоат-вольтаика: Үндістан фотоэлектрикаға түбегейлі жаңа көзқарасты сынауда
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
Еуропалық одақта алғаш рет күн энергиясы электр энергиясының ең ірі көзіне айналды
Орталықтандырылмаған ЖЭК Зимбабвенің ауылдық жерлерінде медицинаны өзгертуде
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты