Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары23.05.2022

ЕО Орталық Азиядағы ЖЭК секторын дамытуға ықпал етеді

Екі күндік семинар барысында 50-ден астам қатысушы, оның ішінде Орталық Азия (ОА) сарапшылары, Еуропалық Одақ (ЕО) және халықаралық қаржы мекемелерінің (ХҚМ) өкілдері жаңартылатын энергия көздері және «жасыл» инвестициялар саласындағы жобаларды іске асыруды талқылады, деп хабарлайды Qazaq Green WECOOP жобасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОА өңірінде жел мен күн энергиясын ұстап қалу бойынша әлемдік табиғи қуаттардың 5%-ға жуығы бар, бұл жаңартылатын энергия секторын дамыту үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Алайда, гидроэнергетиканы қоспағанда, әсіресе Қырғызстан мен Тәжікстанда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесі ОА-ның барлық елдерінде ұлттық энергия теңгерімдерінде өте аз. ЖЭК бойынша өңірдің елеулі әлеуеті көптеген қаржылық, техникалық және әлеуметтік кедергілерге байланысты жеткіліксіз пайдаланылады.

Семинар күн және жел энергиясын өндіруге бағытталған шағын және орта жобаларды жүзеге асыруда ЕО, оған мүше мемлекеттер мен ХҚМ тәжірибесімен алмасу мақсатында ЕО-ның «Еуропалық Одақ – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық» (WECOOP) жобасымен ұйымдастырылды.

Жаңартылатын энергия ЕО үшін де, ХҚМ үшін де басым болып саналады. ЕО-да жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2004 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде екі еседен астам ұлғайды.

Қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің басшысы Йоханнес Стенбаек Мэдсен мырза мәлімдегендей: «Біздің жаңа өсу стратегиямыз – Еуропалық жасыл бағытта қарастырылған 2050 жылға қарай бірінші климаттық бейтарап құрлық болу үшін ЕО 1990 жылмен салыстырғанда шығарындыларды 2030 жылға қарай кем дегенде 55%-ға азайтуға міндеттенеді. Бұл жаңартылатын энергия көздерінің одан да көп үлесін және энергия тиімділігін талап етеді. 2021 жылы Еуропалық комиссия жаңартылатын энергия көздері туралы қайта қаралған директиваны ұсынды және ЕО энергетикалық балансындағы ЖЭК үлесінің міндетті мақсатты көрсеткішін 2030 жылға қарай 40%-ға дейін арттыруды ұсынды. Біз Орталық Азияның барлық елдері жаңартылатын энергияны пайдалануды кеңейту бойынша күш-жігер жұмсап жатқанына қуаныштымыз. Біз сектордың одан әрі дамуы энергияға деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, өңірдің энергетикалық тұрақтылығын нығайтуға, Париж келісімі бойынша міндеттемелерді орындауға және бизнес үшін жаңа жұмыс орындары мен мүмкіндіктер жасауға көмектесе алады деп санаймыз. ЕО-ның Орталық Азия бойынша Жасыл бағдары мен стратегиясына сәйкес, ЕО Орталық Азия елдерін «жасыл» энергияға, оның ішінде мақсатты инвестициялар арқылы өтуге қолдауға дайын».

Семинар барысында Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Азия даму банкі (АДБ) және АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қоса алғанда, ЕО және ХҚМ-дан қатысушы сарапшылар жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру бойынша өз тәжірибелерін ұсынды және өңір елдері үшін қолжетімді инвестициялық мүмкіндіктер мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, қатысушылар Орталық Еуропа, Балтық және Орталық Азияда жүзеге асырылған нақты жобаларды қарастырды.

«Еуропалық Одақ – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық» (WECOOP) жобасы (2019 жылғы қазаннан бастап 2023 жылғы сәуірге дейін үшінші фаза) ЕО стандарттарына жақындасу арқылы Орталық Азиядағы қоршаған орта, климаттың өзгеруі және су ресурстары саласындағы саясатты жақсартуға бағытталған. сондай-ақ, көмірқышқыл газының шығарындыларын (CO2) қоса алғанда, адам іс-әрекетінен туындаған ластануды айтарлықтай азайтуға қол жеткізу мақсатында экономиканың тиісті секторларына «жасыл» инвестицияларды ынталандыруға бағытталады. Жобаның қызметі ЕО–ОА қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау саласындағы ынтымақтастық платформасын және оның қоршаған орта мен климаттың өзгеруі жөніндегі жұмыс тобын, сондай-ақ климатты қорғаудағы іс-қимылдарды ілгерілету үшін ЕО-ның Орталық Азиядағы жасыл бағытын халықаралық өлшеуді қолдауды қамтиды.

 



24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
24.06.2025
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
23.06.2025
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
23.06.2025
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
23.06.2025
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
23.06.2025
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды
20.06.2025
Аукцион қорытындысы: Оңтүстік Қазақстанда 20 МВт КЭС салынады
19.06.2025
Қазақстан 2050 жылға қарай ЖЭК үлесін 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
19.06.2025
Қазақстан мен Әзірбайжан «таза» энергияны Еуропаға экспорттау үшін күш біріктіреді
19.06.2025
Қостанай облысында алғашқы күн энергиясын нетто-тұтынушы пайда болды
18.06.2025
Аукцион нәтижесі: KSN Solar күн электр станциясын салады
18.06.2025
Зерттеу: 2%-ы толысу және теңіз күн энергиясы CO2 шығарындыларын айтарлықтай төмендете алады
18.06.2025
Павлодар облысында 1 ГВт-тық ЖЭС салынады
17.06.2025
Оңтүстік аймақта 20 МВт КЭС салуға арналған аукционның жеңімпазы анықталды
17.06.2025
Қазақстан Power Central Asia + China форумында ЖЭК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті
16.06.2025
ЖЭК аукционы: 30 МВт күн электр станциясын Vigor Holding салады
16.06.2025
Power Central Asia + China: Қазақстан мен Қытай арасында маңызды энергетикалық келісімдерге қол қойылды
16.06.2025
Қытайдағы ең ірі энергия жинақтау жобасы пайдалануға беру кезеңіне шықты