Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары25.05.2022

Мәжіліс энергия үнемдеу талаптарына қатысты заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасында энергия аудиторларын аттестаттау жөніндегі мемлекеттік функцияны бәсекелестік ортаға беру, энергия аудиті саласындағы кәсіпкерлік қызметті кеңейту және энергетикалық аудиттің ерікті сипаттағы «экспресс-энергия аудиті» және «нысаналы энергия аудиті» деген жаңа түрлерін енгізу жолымен энергия аудиті жүйесін жетілдіру көзделеді.

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергетикалық менеджмент жүйесі енген, энергия аудитінің алдыңғы қорытындысы болған және жылдық энергия тұтынуды кемінде 5%-ға төмендету қамтамасыз етілген жағдайда міндетті энергия аудитінің орнына экспресс-энергия аудитінен өте алады.

Заң жобасындағы бірқатар түзетулер субъектілерге заң бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру мақсатында субъектілерге бармай профилактикалық бақылауды ендіруге бағытталған.

Екінші оқылымдағы заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар:

  • Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің су тұтыну мониторингі бойынша нормаларды сақтауға;
  • Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің тізбесін кеңейтуге;
  • міндетті энергия аудитінің орнына экспресс-энергия аудитін жүргізу шарттарын жеңілдетуге;
  • бақылау субъектілеріне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібін нақтылауға;
  • энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарлама беру тәртібін нақтылауға;
  • энергия аудиторының құқықтары мен міндеттерін белгілеуді көздейтін жеке бап енгізуге бағытталған түзетулер енгізді.

Депутаттар «Электр энергетикасы туралы» және «Табиғи монополиялар туралы» Заңдарға республикалық маңызы бар қалалардың жылу электр станцияларын баламалы энергия көздеріне, атап айтқанда газға ауыстыру тетігін заңнамалық бекітуге және электр энергиясының тапшылығын жабуға бағытталған түзетулерді жеке блокпен енгізді. Осы нормаларда отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалану арқылы генерациялайтын қондырғыларды сала отырып, жаңғыртуға, реконструкциялауға және кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу көзделеді. Палата депутаттары заң жобасын мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.


19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады
12.04.2024
Техаста СО2 мен судан отынның өнеркәсіптік өндірісі басталды
12.04.2024
ЕО жасыл ауысу үшін энергетикалық инфрақұрылымға €600 млрд инвестициялауы тиіс
12.04.2024
Ғарыштық күн энергиясы: SpaceX және General Motors бұрынғы инженерлері энергетика болашағын өзгертуде
12.04.2024
АҚШ таза энергияны пайдалануға рұқсат беру бойынша өз мақсатынан асып түсті
11.04.2024
Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды
11.04.2024
АҚШ-та сыртқы кванттық тиімділігі 190% күн панельдеріне арналған материал әзірледі