Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары03.06.2022

Айнұр Соспанова: «Жасыл» энергияны жүзеге асыру үшін екіжақты келісім-шарттарды әзірлеу қажет

Qazaq Green ЖЭК қауымдастығы ЗТБ Директорлар кеңесінің мүшесі Айнұр Соспанова «ECOJER II Халықаралық конгресі аясында «Энергетикалық ауысу: болашақ баламалы көздерде ме?» панельдік сессиясы барысында энергетикалық ауысудың табысты болуы және «жасыл» энергетиканың дамуы үшін шарттарды атады, деп хабарлайды Qazaq Green.

Спикер еліміздің энергетикалық көшуін қамтамасыз ету үшін Қазақстанға не істеу керектігін атап өтті. 
«Шешім қабылдаушылар үшін энергетикалық ауысу қымбат нәрсе екенін түсіну керек. Бұл тарифтерге әсер етуі керек және тарифтерді қайта қарау керек. Жалпы, нарықтық тетікке көшу керек, яғни тарифтерді босату керек. Керісінше жағдайда, даму болмайды», - деп түсіндірді сарапшы.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім» әзірледі, оның шеңберінде елде шамамен 17 ГВт жаңа қуаттар іске қосылуы тиіс. Соспанованың айтуынша, бұл жоспарды іске асыру үшін қазірдің өзінде инфрақұрылым құрылысы, маневрлік мәселелерді шешу қажет, өйткені ЖЭК – тұрақсыз энергия көздері.

Qazaq Green өкілі еліміздің энергетикасына инвесторларды тарту әрекеттерін сипаттады.

«Қазақстанда үкімет инвесторларға олардың кезекке тұруы үшін нақты баға белгілерін беруі тиіс. Осы жылдың жазында екі облыста 1 ГВт маневрлік газ генерациясының көздеріне аукцион жарияланды.  Инвестор осы аукционға қатысуға келуі үшін оған барлық сұрақтарға жауап ұсыну керек: «Ол газды қайдан сатып алады? Қандай бағамен? Ол электр энергиясымен не істейді?... », - деді Айнұр Соспанова.

Оның айтуынша, «жасыл» энергияны жүзеге асыру үшін екіжақты келісімшарттарды дамыту қажет. Көміртегі ізін азайтуды қажетсінетін тұлғалармен келісімшарттар жасалуы керек. Қазақстанда – бұл тау-кен металлургия және мұнай-газ компаниялары. Нақ осындай компаниялар халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті болу үшін ЖЭК-ті дамытуға тиіс.

Сарапшы біздің еліміз Париж климаттық келісімінің міндеттемелерін орындауы тиістігін еске салды. Үкімет, бизнес және қоғамдық ұйымдар бірлесіп жұмыс істеп, энергетикалық ауысу жөніндегі барлық мәселелерді шешуі керек, осының бәрін 2030 жылға дейін жасау керек. Әйтпесе, оның айтуынша, Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша жоспарды орындай алмауы мүмкін.

«Энергетикалық ауысу: болашақ баламалы көздерде ме?» сессиясы көміртекті реттеудің жаһандық сын-қатерлерін талқылауға, қазақстандық өнеркәсіптің ұлттық экономиканы көміртексіздендірудегі идеялары мен перспективаларын әзірлеуге және СВАМ мәселесі бойынша ЕО-мен ынтымақтастыққа, Париж келісімін орындауға бағытталған. Онда Қазақстан мен шет елдердің ірі мұнай-газ және энергетикалық компанияларының бейінді министрліктері мен ведомстволарының өкілдері сөз сөйледі.

19.03.2025
Ерлан Ақкенженов Қазақстанның Энергетика министрі болып тағайындалды
18.03.2025
Charge Robotics компаниясы күн электр станцияларының құрылысын автоматтандыруды жоспарлауда
18.03.2025
Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
18.03.2025
Американдық стартап CO2 нөлдік шығарындысымен «жасыл» болаттың алғашқы тоннасын балқытты
18.03.2025
Эстонияда Балтық елдеріндегі ең үлкен күн паркі салынады
17.03.2025
ЕАДБ және IRENA Орталық Азияда жаңартылатын энергетиканы дамытатын болады
17.03.2025
DAF жүк көліктері мен трейлерлерге жеңіл күн панельдерін орнатуды ұсынады
17.03.2025
Германия ЕО-да жел турбиналарының құрылыс бойынша көш бастап тұр
14.03.2025
Қайта өңдеу келешегі: жел турбиналары тұрғын үйге айналуда
13.03.2025
Франция 2100 жылға қарай температураның 4°C жоғарылауына дайындалуда
13.03.2025
Жапон кемесі алғаш рет теңізде сутегін алып, оны жағаға жеткізді
13.03.2025
Toyota күн сәулесімен жұмыс істейтін екі орындық FT-Me электромобилін ұсынды
12.03.2025
Voltalia Өзбекстанда электр энергиясын сату туралы келісімге қол қойды
12.03.2025
Қазақстан CERAWeek 2025 аясында әлемдік энергетика көшбасшыларымен стратегиялық келіссөздер жүргізді
11.03.2025
ҚМГ және Total Energies ынтымақтастық перспективаларын талқылады
11.03.2025
Норвегия 2027 жылдан бастап CBAM енгізуге ниетті
11.03.2025
ДМҰ есебі: климат туралы білім ЖЭК-ке сенімді ауысуға ықпал етеді
07.03.2025
Алматыда ауаны жақсарту бойынша бағдарламалар ұсынылады
07.03.2025
Қазақстандықтар жасыл энергетика саласында қандай патенттер тіркеді
06.03.2025
Қазақстан мен ЕО энергетика және климаттық ынтымақтастықты талқылады