Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары08.06.2022

ҚазМұнайГаз бен Еуропа қайта құру және даму банкі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Маусымның 8-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және Еуропа қайта құру және даму банкі (бұдан әрі – ЕҚҚДБ) карбонсыздану саласындағы стратегиялық ынтымақтастыққа қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық мақсаты – ҚМГ төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру және оның тиімділігін арттыру аясында көміртек ізін қысқарту бойынша ҚазМұнайГазға қолдау көрсету, деп хабарлайды Qazaq Green ҚМГ ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптардың күш-жігері TCFD (Task Force on Climate-related Financial Disclosures) климатымен байланысты қаржы ақпаратын ашу жөніндегі, сонымен қатар энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы төмен көміртекті жобаларды қаржыландырудың, төмен көміртекті сутегі бойынша пилоттық жобаларды іске асырудың және көміртек диоксидін ұстап қалу мен сақтау технологияларын қолданудың мүмкіндіктерін талдау жөніндегі Мақсатты топтың ұсыныстарына сәйкес есепті әзірлеу саласындағы ҚМГ әлеуетін арттыруға бағытталады.

Меморандумға қол қою рәсімі Шетел инвесторлары кеңесінің «Экономиканы карбонсыздандыру. Экологиялық, әлеуметтік және басқару стандарттарын (ESG) сақтау мақсатында төмен көміртекті технологияларды енгізу» тақырыбына арналған 34-ші пленарлық отырысы қарсаңында өтті. Құжатқа қол қою шарасына ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және ЕҚҚДБ-ның Қазақстан бойынша директоры Хусейн Озхан қатысты.

«Біз сенімді стратегиялық серіктесеміз – Еуропа қайта құру және даму банкімен ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Климаттық амбициялар саммитінде Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету ниеті туралы мәлімдеген еді.

«ҚазМұнайГаз» көміртек ізін 2031 жылға қарай 2019 жылдың деңгейінен 15 пайызға қысқартуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Осы бағыттағы міндетті орындау үшін бүгінгі Меморандумға қол қойып отырмыз. Алдағы уақытта біз Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлескен күш-жігеріміз құзыреттерімізді нығайтуға және Қазақстанда көміртегі бейтараптығына жетуге септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

«Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қазақстан Париж келісімінің және БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының мақсаттарына жету жөніндегі жұмысты жеделдетуге уағдаласты. Тұрақты даму, карбонсыздану, жаңартылатын энергия көздері – бұл енді әдемі сөздер емес, ойлау әдісіміз болмақ. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жасыл энергетиканы дамыту жөніндегі жаһандық науқанға қатысып, төмен көміртекті дамыту бағдарламасын Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге іске асыратыны қуантады», - деп атап өтті ЕҚҚДБ-ның Қазақстан бойынша директоры Хусейн Озхан.

11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу