Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары09.06.2022

Тоқаев трансұлттық компанияның басшыларымен кездесулер өткізді

Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші отырысының қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясының атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсонмен, Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманмен, сондай-ақ Қазақстанның Канададағы құрметті консулдары – канадалық Cameco уран компаниясының президенті Тимоти Гитцельмен және Condor Petroleum компаниясының президенті Дон Стрюмен жеке-жеке кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaq Green Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Джеймс Джонсонмен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа корпорацияның елімізде атқарып жатқан жұмыстарының қазіргі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын тезірек аяқтау мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын арттыру мәселесі, Қазақстанда отандық өнімдерді қолдауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған Chevron корпорациясының тікелей инвестиция салатын қорының қызметі талқыланды.

Нил Чапман Мемлекет басшысына Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауыты құрылысының барысы, Теңіз кен орнынан экспортталатын газ көлемін ішкі нарыққа қайта тасымалдау және балама бағыттар арқылы Қазақстан мұнайын жеткізу мүмкіндіктері жөнінде айтты. 

Тимоти Гитцельмен және Дон Стрюмен әңгімелесу кезінде Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы сөз болды. Атап айтқанда, Cameco компаниясының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі уран компаниясының жұмысы мен алдағы жоспары жөнінде мәлімет берді. Condor Petroleum компаниясының президенті сұйытылған табиғи газ өндіретін модульді зауыттар салу жоспары жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар «Қазақстан – Канада» іскерлік кеңесінің жұмысы аясында Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларына назар аударылды.


28.03.2024
Қазақстанның ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 5,92% -ға жетті
28.03.2024
SECCA «Горизонт Еуропа» бағдарламасы бойынша Орталық Азия зерттеушілеріне гранттар жариялады
28.03.2024
Жаңа «жасыл» станцияларды салу қиындай түсуде, бірақ неміс ауылында шығар жолды ойлап тапты
28.03.2024
Премьер-министр, ENI барлау және өндіру жөніндегі директоры Маңғыстау облысында гибридті электр станциясының құрылысын талқылады
27.03.2024
Жаңа кран теңіз жел диірмендерін орнату құнын екі есе азайтпақ
27.03.2024
Түркияда алғашқы қалқымалы күн электр станциясы құрылды
27.03.2024
Өзбекстанда алты ГЭС пен екі КЭС каскады салынуда
27.03.2024
Қырғызстан мен «Росатом» құрылымдары ЖЭК салу туралы келісті
26.03.2024
Германияда зауыт жел парктері мен бақытты адамдар көп жерде салынады
26.03.2024
ЕИБ даниялық ШОК үшін «жасыл» қаржыландыруға 1 109 млн бөлу туралы уағдаласты
26.03.2024
Қазақстанның «жасыл» энергетикалық трансформацияға ұмтылысы туралы Энергетикалық ауысу бойынша Берлин диалогында айтылды
26.03.2024
Қанатты жүк кемесі бірінші рейс кезінде күніне үш тонна жанармай үнемдейді
20.03.2024
Әлемдегі ең үлкен ұшақ желмен жүреді: Radia WindRunner несімен қызықты
20.03.2024
ЖЭК жаңа жобаларға ақшаны қайдан алады?
20.03.2024
Екіжақты күн панельдері айтарлықтай аз шығындармен көбірек энергия өндіре алады
19.03.2024
Жаһандық жаңартылатын энергия альянсы 10 млрд АҚШ доллары сомасына іс қимыл жоспарын ұсынады
19.03.2024
Голландиялық ғалымдар күн панельдерін бүгілетіндей етіп жасауды ұсынды
18.03.2024
5 МВт генерациямен әлемдегі ең ірі мұхиттық КЭС жобасы іске қосылды
18.03.2024
ГФР CO2 шығарындыларын күрт төмендетті
18.03.2024
Электр көлігі инвестицияларды тарту қарқыны бойынша ЖЭК-ті басып озды