Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары09.06.2022

Қуаты 1 ГВт ЖЭК Жамбыл облысында салынады

Жамбыл облысында қауты 1 ГВт жел электр станциясы салынады. Бұл жобаны 2026 жылға дейін іске асырылады, деп хабарлайды Qazaq Green Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «TotalEnergies» КТ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде қуаты 1 ГВт ЖЭК ірі ауқымды жобасын іске асыруға бағытталған Қағидаттар туралы келісім жасасты», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қол қою рәсіміне қатысқандар: ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Азияда бизнесті дамыту бойынша «Total Еren S.A.» вице-президенті Антуан Гарэ, Қазақстандағы «TotalEnergies» Бас директоры Ахлем Фрига-Ной.

Қол қойылған құжат энергияны жинақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты 1ГВт жел электр станцияларын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған.

Объекті Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын орналасатын болады. Жобаның құрылысын кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланып отыр және жоба 2024 жылдан бастап 2026 жылды қоса алған кезеңде толық аяқталады деп күтілуде.

Аталған жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын генерациялауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
27.06.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
27.06.2025
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
26.06.2025
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
26.06.2025
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты