Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары09.06.2022

Президент 2030 жылға қарай еліміздің энергия теңгеріміндегі ЖЭК 15%-ға дейін арттыру міндетін қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға қарай еліміздің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көзін 15 пайызға дейін арттыру міндетін қойды. Бұл туралы ол Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Qazaq Green Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жаңартылатын және баламалы энергия көзін дамыту әлеуетінің артып келе жатқанына тоқталды. 2030 жылға қарай еліміздің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көзін кемінде 15 пайызға дейін арттыру міндеті қойылды.

Президент елімізде газ тұтынуға сұраныстың артқанын атап өтіп, көмірді пайдалануды азайту ісінде газ саласының маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Газ экспортына қарағанда ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету маңызды екенін қадап айтқым келеді. Үкіметке Теңіз кен орнының акционерлерімен бірлесе отырып, экспортталатын екі миллиард текше метр газды ішкі нарыққа қайта бағыттауды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт  Тоқаев.

Сонымен қатар Президент атом энергиясын пайдаланудың маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, жаңартылатын энергияның тұрақсыз және газ тарату ісі шектеулі болған жағдайда «залалсыз» атом үздіксіз энергия берудің жалғыз көзі болады.

Қазақстан Президенті сөзін қорытындылай келе, Кеңес мүшелерін «жасыл» жобаларды жүзеге асыру, ESG инвестициясын тарту және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі іс-қимылдарды жандандыруға шақырды. 


Жиын барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» Ассоциациясы басқармасының төрағасы Ерлан Досымбеков, Азия даму банкінің вице-президенті Ашок Лаваса, Chevron корпорациясының атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсон, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстон, ERG Sarl директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапман, Ресей мен ТМД елдеріндегі General Electric компаниясының президенті Бела Ференци, Шығыс Еуропа бойынша Philip Morris International компаниясының президенті Марко Мариотти, «Полиметалл УК» АҚ президенті Игорь Финогенов, Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі PwC компаниясының басқарушы серіктесі Ник Кош, Veon Ltd тобының бас атқарушы директоры Каан Терзиоглу, Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша TotalEnergies компаниясының аға вице-президенті Жулиен Пуже баяндама жасады.

19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады
12.04.2024
Техаста СО2 мен судан отынның өнеркәсіптік өндірісі басталды
12.04.2024
ЕО жасыл ауысу үшін энергетикалық инфрақұрылымға €600 млрд инвестициялауы тиіс
12.04.2024
Ғарыштық күн энергиясы: SpaceX және General Motors бұрынғы инженерлері энергетика болашағын өзгертуде
12.04.2024
АҚШ таза энергияны пайдалануға рұқсат беру бойынша өз мақсатынан асып түсті
11.04.2024
Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды
11.04.2024
АҚШ-та сыртқы кванттық тиімділігі 190% күн панельдеріне арналған материал әзірледі