Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары09.06.2022

Alstom Қазақстандағы жаңа жобаларға €50 млн инвестиция салмақ

Kazakh Invest ҰК АҚ басқармасының төрағасы Мейіржан Юсупов және Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері бойынша президенті Эндрю Делеонимен  Қазақстандағы француз компаниясының қызметін кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qazaq Green Kazakh Invest компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эндрю Делеони сапарының негізгі мақсаты елімізге одан әрі инвестиция салу мақсатында әлеуетті мүмкіндіктерді талқылау болып табылады. Компания Қазақстан аймақтарында локомотивтерге қызмет көрсететін сервистік орталықтар құруды көздеп отыр. Бұл жобаларға Alstom компаниясы бұған дейін еліміздің экономикасына салынған 127 млн еуроға қосымша 50 млн еуродан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.

«10 жыл ішінде компания өндірістік қуаттарды ұлғайту арқасында Қазақстандағы өзінің қатысуын бірнеше есеге кеңейтті. Нәтижесінде бүгінде Alstom локомотивтердің барлық негізгі компоненттерін өндіреді. Олардың ішінде арба, шанақ, тартқыш трансформатор, сондай-ақ тартқыш блоктар бар. Келесі кезеңде біз Қазақстан өңірлерінде локомотивтерге арналған сервистік орталықтар салу арқылы қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ниеттіміз», - деді Эндрю Делеони.

Сонымен қатар, Alstom жоспарында жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті персоналдың құзыреттілігін үздіксіз арттыру бар. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы компания қызметкерлерінің саны 1000 адамнан асады.

«2021 жылдан бастап Қазақстанда ірі жобалар аясында инвесторлардың Үкіметпен тікелей инвестициялар туралы келісім жасасуға мүмкіндігі бар. Бұл құрал инвесторларға кеңейтілген преференциялар пакетін ұсынады. Келісім үшін 25 жыл мерзімге заңнаманың тұрақтылығы қарастырылған», - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.

Француз инвесторларының пікірінше, жаңа уағдаластықтар компанияның ҚР-да одан әрі болуы үшін берік платформа құрады және машина жасау секторының басқа да ірі ойыншылары үшін оң сигнал болады.  

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда компания екі ірі жобаны жүзеге асырды – электровоздар, сондай-ақ бағыттамалы электр жетектері мен сигналдық жабдықтар өндірісі.

 


24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
24.06.2025
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
23.06.2025
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
23.06.2025
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
23.06.2025
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
23.06.2025
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды
20.06.2025
Аукцион қорытындысы: Оңтүстік Қазақстанда 20 МВт КЭС салынады
19.06.2025
Қазақстан 2050 жылға қарай ЖЭК үлесін 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
19.06.2025
Қазақстан мен Әзірбайжан «таза» энергияны Еуропаға экспорттау үшін күш біріктіреді
19.06.2025
Қостанай облысында алғашқы күн энергиясын нетто-тұтынушы пайда болды
18.06.2025
Аукцион нәтижесі: KSN Solar күн электр станциясын салады
18.06.2025
Зерттеу: 2%-ы толысу және теңіз күн энергиясы CO2 шығарындыларын айтарлықтай төмендете алады
18.06.2025
Павлодар облысында 1 ГВт-тық ЖЭС салынады
17.06.2025
Оңтүстік аймақта 20 МВт КЭС салуға арналған аукционның жеңімпазы анықталды
17.06.2025
Қазақстан Power Central Asia + China форумында ЖЭК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті
16.06.2025
ЖЭК аукционы: 30 МВт күн электр станциясын Vigor Holding салады
16.06.2025
Power Central Asia + China: Қазақстан мен Қытай арасында маңызды энергетикалық келісімдерге қол қойылды
16.06.2025
Қытайдағы ең ірі энергия жинақтау жобасы пайдалануға беру кезеңіне шықты