Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары16.06.2022

Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның ТДМ бойынша орталығы ашылмақ

QAZAQ GREEN.  ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан «COVID-тен тыс жерде – Орталық Азияны әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» тақырыбындағы Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммитте сөз сөйледі.

ҚР премьер-министрі Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастық Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы негізгі элемент екенін атап өтті. Осы орайда Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның ТДМ бойынша орталығын ашу жоспарланған.

«Ілгерілеу мен жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық және аймақтық деңгейлерде батыл әрекет ету және тығыз әріптестік қажет. Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту БҰҰ құрылымдарының белсенді қатысуымен тұрақты және өркендеген Орталық Азия құруға ықпал ететініне сенімдімін», - деді Әлихан Смайылов.

 Халықаралық институттардың деректері бойынша Орталық Азиядағы ішкі өңірлік тауар айналымы $6,5 млрд-ты құрайды, бұл орайда аймақтағы елдердің өзара сауда үлесі олардың жалпы тауар айналымының небәрі 9%-ын алып отыр.

 «Өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеуетіміз бар екені анық. Осы орайда елдер арасындағы сауда қатынастарын кеңейту жөніндегі бірлескен шараларды күшейту қажет», - деді ҚР премьер-министрі.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Қазақстанның БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібін қолдайтынын, бұған Тұрақты даму мақсаттарының индикаторларын ұлттық стратегиялар мен даму бағдарламаларына енгізу дәлел екенін атап өтті. Елімізге жүктелген міндеттемелерді іске асыру үшін ТДМ жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.

Одан бөлек, 2020 жылы Қазақстан мен БҰҰ 2025 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасына қол қойды, ол мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғам мен жеке меншік секторы өкілдерін топтастырудың құралы саналады.

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, бұл орайда әлемдік экономикадағы терең құрылымдық өзгерістер аясында экономикалық дамудың ұлттық саясатын орта мерзімді перспективаға бейімдеу қажеттілігі туындады.

«Осыған байланысты біз бизнес-қоғамдастық пен халықаралық ұйымдар сарапшыларының белсенді қатысуымен Жаңа Қазақстанның экономикалық саясатын әзірлеуге кірістік. Осы құжат аясында инвестициялық ахуал мен кәсіпкерлік ортаны жақсарту, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, инновациялар мен баламалы энергетиканы енгізу, «жасыл» қаржыландыруды кеңейту бойынша жаңа шаралар дайындалады», — деді ҚР Үкіметінің басшысы.

Әлихан Смайылов білім беруді және ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуға, ҒЗТКЖ-ны кеңейтуге, экономика қажеттіліктері үшін білікті кадрлар даярлауға ерекше назар аударылатынын айтты.

Іс-шараға Қырғызстан Үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров, Тәжікстан Үкіметінің басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Арипов, Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Мухамметгулы Мухаммедов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Уша Рао-Монари ханым, сондай-ақ халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық топтардың және азаматтық қоғам өкілдері қатысып жатыр.

 

11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу