Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары17.06.2022

Қазақстан «жасыл» инвестициялардың өсуі үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді

QAZAQ GREEN.  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25-ші Петербург Халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде еліміздің «жасыл» инвестициялар саласындағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Біз «жасыл» инвестициялардың өсуі және тиісті жобаларды іске асыру үшін мүмкіндіктерді жүйелі түрде кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті ол.

Президент экологиялық проблемалардың жаһандық сипатқа ие екеніне және әлемнің барлық дерлік елдеріне, соның ішінде Қазақстанға да әсер еткеніне тоқталды. Қазақстандық фермерлер өткен жылы өзендердегі судың таяз және жауын-шашынның аз болуы салдарынан құрғақшылықтан зардап шекті.  Тоқаев трансшекаралық Жайық өзенінің жағдайы ауыр екенін еске салды.

«Біздің мемлекеттеріміздің тұрақты дамуына осындай ұзақ мерзімді сын-қатерлерді бірлесіп шешу керек деп санаймын. Біз «тұйық цикл экономикасы» - айналмалы экономика қағидаттарын енгізу перспективаларын байыпты қарауымыз керек деп ойлаймын. Біз ЖІӨ энергия сыйымдылығын азайту, жаңартылатын энергетика секторын кеңейту және осы саладағы транзиттік шығындарды азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2016 жылғы 2 тамызда Франция астанасында 2015 жылғы 12 желтоқсанда қабылданған Климат жөніндегі Париж келісіміне қосылу туралы шешім қабылдады. Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге уәде берді.

Келісім парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайту, климаттық өзгерістерге бейімдеу және тиісті технологияларды дамыту пайдасына қаржы ағындарын қалыптастыру жөніндегі ұлттық жобаларды қабылдауға бағытталған шаралар мен міндеттемелер кешенін ұсынады.

Келісім тұрақты даму және кедейлікті жою жөніндегі күш-жігер тұрғысында климаттың өзгеру қаупіне жаһандық ден қоюды нығайтуға бағытталған. Ол үшін жаһандық орташа температураның өсуін 2°C-ден әлдеқайда төмен ұстап тұру, сонымен қатар температураның өсуін 1,5°C-ге дейін шектеуге күш салу ұсынылады.

19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады
12.04.2024
Техаста СО2 мен судан отынның өнеркәсіптік өндірісі басталды
12.04.2024
ЕО жасыл ауысу үшін энергетикалық инфрақұрылымға €600 млрд инвестициялауы тиіс
12.04.2024
Ғарыштық күн энергиясы: SpaceX және General Motors бұрынғы инженерлері энергетика болашағын өзгертуде
12.04.2024
АҚШ таза энергияны пайдалануға рұқсат беру бойынша өз мақсатынан асып түсті
11.04.2024
Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды
11.04.2024
АҚШ-та сыртқы кванттық тиімділігі 190% күн панельдеріне арналған материал әзірледі