Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары12.09.2022

Шелек дәлізіндегі жаңа ЖЭС-ның қуатын 300 МВт-қа дейін арттырады

QAZAQ GREEN.  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізінде салынған жаңа жел электр станциясының  қуатын 300 МВт-қа дейін арттырады, деп хабарлайды «Самұрық-Энерго» баспасөз қызметі.

2022 жылдың қыркүйектің 12-сі пайдалануға берілген  жаңа жел электр станциясының (ЖЭС) қуаты 60 МВт құрайды.  

Жобаның жалпы құны - 37,4 млрд теңге. Жаңа станция әрбір номинал қуаты 2,5 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғысынан тұрады. Бұдан бөлек, оған қосалқы станция, соған сәйкес инфрақұрылым салынып, сондай-ақ  әуе электр жеткізу желілері тартылды.  Станция әлемдік жел турбиналарын өндіруші жетекші компаниялардың бірі – «GoldWind» компаниясының жабдығын пайдалана отырып салынды.

Жаңа ЖЭС жылына 225,7 млн. кВтс электр энергиясын өндіретін болады. Өндірістік сипаттамаларынан бөлек, жоба өзінің экологиялық құрылымы тұрғысынан өңір үшін маңызды. Электр станциясын салу және оны іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылына шамамен 89 мың тонна дәстүрлі отынның орнына жүретін болады.

Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингі «Power China» қытай корпорациясымен серіктестікте іске асырды, ол энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың табысты үлгісі болып табылады.

Осымен тоқтамай, бұл ЖЭС-ын қуаты ұлғайтылады.

«ЖЭС-ті іске қосуға арналған іс-шара аясында «Самұрық-Қазына» АҚ мен Power Construction Corporation of China Ltd арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат станцияны кеңейту және оның қуатын 300 МВт-қа дейін арттыру арқылы жобаның екінші кезеңін іске асыруды көздейді», - деп хабабарлады баспасөз қызметі.

 

24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады