Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары13.09.2022

Шығарындыларды азайту үшін Орталық Азия электр энергиясы нарығын құруы мүмкін

QAZAQ GREEN.  АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) Орталық Азия бойынша өңірлік миссиясының директоры Лоуренс Харди Алматыда таза энергетика бойынша бірінші Орталық Азия форумы барысында CAREM электр энергиясының өңірлік нарығын құру үшін Орталық Азия елдерінің әлеуеті туралы айтып берді

Лоренс Хардидің айтуынша, климаттың өзгеруі Орталық Азия елдеріне және бүкіл әлемге әсер етеді. Климаттың өзгеруі экономикалық дамуға және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және энергия секторындағы жаһандық шығарындылардың шамамен 40%-ы электр энергиясын өндірумен байланысты екенін қосты.

«Біз барлық бес елдің бірігу, өңірлік электр энергиясы нарығын қалыптастыру бойынша зор әлеуетін көріп отырмыз. Біз қазірдің өзінде шығарындыларды азайтатын CAREM нарығын құру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Күшті нарық таза электр энергиясын өндіруді барынша арттыру арқылы энергия секторындағы күйзелістерден қорғай алады», - деді Лоуренс Харди.

Орталық Азия елдері көміртек бейтараптығына қол жеткізу бойынша міндеттемелер алды. Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздеп отыр.

«Қазақстан өңірдегі жаңартылатын энергия көздері бойынша ең үлкен әлеуетке ие. Өзбекстан қазір дәстүрлі зауыттарын қысқартып, ЖЭК нысандарын, күн, жел электр станцияларын енгізуде. Қырғызстан мен Тәжікстанда да гидроэнергетика секторда өте маңызды рөл атқарады. Қырғызстанда гидроэнергетика 80%, Тәжікстанда 90% құрайды және бұл өте әсерлі. Екі елдің үкіметтері CO2 шығарындыларын одан әрі қысқартатынын айтты», - деді ол.

Харди Түркіменстан республиканың төмен көміртекті мақсаттарын анықтау және шығарындыларды азайту мүмкіндіктерін бағалау сатысында екенін атап өтті.

Қыркүйек айында Түрікменстанда Біріккен Араб Әмірліктерінің «Масдар» компаниясының басшылығымен Түрікменстан мен БАӘ энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздерін ұтымды пайдалану, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, USAID өзінің таза энергетика бойынша бірінші Орталық Азия форумын (CACEF) – «Энергетикалық ауысу және инновациялар» тақырыбындағы халықаралық іс-шараны ұйымдастырды, онда Орталық Азия мен әлемнің 300-ге жуық өкілі энергетикадағы негізгі сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді талқылау үшін жиналды.

Саясаткерлер, коммуналдық қызмет басшылары, жетекші технологиялық компаниялар және халықаралық инвесторлар энергетикалық стратегияларды, «таза» энергетиканың жаңа технологияларын және инвестициялау мүмкіндіктерін өңірлік, сондай-ақ әлемдік энергетикалық сектордағы ірі өзгерістерге жауап ретінде талқылау үшін Алматыға жиналды.

Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Энергетика министрлігінің атынан қатысушылармен сәлемдесті. Шараға Қырғыз Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Тілек Айталиев, Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрінің орынбасары Сорбон Холмухаммадзода, Өзбекстан Республикасы Монополияға қарсы комитеті төрағасының орынбасары Бекзод Умматов, сондай-ақ «Туркменэнерго» мемлекеттік электр энергетикалық корпорациясының бас инженері Эркин Гурбановта қосылды.

Орталық Азия, АҚШ, Үндістан, Сауд Арабиясы, Украина, Австрия және Франция елдерінің атынан 50-ден астам баяндамашы Орталық Азия елдеріне климаттық міндеттемелерін орындауда көмек көрсету бойынша негізгі бастамаларын ұсынды, энергетикалық ауысуды қолдау үшін инновациялардың, технологиялардың және қаржының рөлін, сондай-ақ нарықтық өңірлік ынтымақтастық пен электр энергиясы саудасының мүмкіндіктері мен энергетикалық жүйені дамытудың болашақ траекториясы үшін ең ауыр салдары бар мәселелерін талқылады.

Форум аясында USAID сондай-ақ Орталық Азияға арналған Американдық инновациялық орталық — жаңартылатын энергия көздерін дамыту және интеграциялау үшін озық әлемдік тәжірибені және заманауи технологияларды пайдалануды ілгерілетуге арналған виртуалды платформаны іске қосты. 

23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады