Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары08.11.2022

Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық әріптестік туралы құжатқа қол қойды

QAZAQ GREEN.  Қазақстан мен Еуропалық Одақ тұрақты шикізат, батареялар және «жасыл» сутек құны тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандум бекітті, деп хабарлайды премьердің баспасөз қызметі.

Құжатқа Мысырда Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммиті аясында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен қол қойды. 

Премьер-Министр өз сөзінде жаңа меморандумның маңыздылығын атап өтті. 

«Құжатқа қол қою Қазақстанның ЕО өнеркәсіптік альянстарымен қаржылық және технологиялық ынтымақтастығын орнатуына жағдай жасайды. Жалпы, біздің еліміз Еуропалық бизнес үшін тартымдылығы жоғары қажетті факторлардың бәріне ие, оның ішінде әртараптандырылған энергия көздері мен жоғары транзиттік-көліктік әлеует бар», — деді Әлихан Смайылов. 

Сондай-ақ ол Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең ірі және маңызды сауда серіктесі болып қала беретінін, еліміздің сыртқы саудадағы үлесінің шамамен 30%-ы Еуроодаққа тиесілі екенін айтты. 

«Сонымен қатар бүгінде инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша айтарлықтай әлеует барын көріп отырмыз», — деді премьер-министр. 

Өз тарапынан Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының бірі болып табылатынын, сондай-ақ бүгін қол қойылған меморандум бұл қатынастарды одан әрі кеңейте түсетінін атап өтті. 

«Біз осыған дейін қалыптасқан өзара терең қарым-қатынасымыздың жаңа парағын аштық. Еуропалық Одақ пен Қазақстан көп жылдан бері берік экономикалық байланыстарды дамытып келеді. Біз стратегиялық өндірістік тізбектеріміздің интеграциясын нығайту бағытында бірге жұмыс істейміз. Бұл сирек кездесетін жер элементтерін өндіруге, аккумулятор өндірісіне және "жасыл" сутекке қатысты», — деді Урсула фон дер Ляйен. 

Оның айтуынша, бұл өндірістік тізбектер бүкіл әлемде «жасыл» және цифрлық өзгерістердің қозғалтқыштары болып табылады. 

«Мысалы, біз аккумуляторлардың электромобильдер үшін немесе жаңартылатын энергияны сақтау үшін қаншалықты маңызды екенін білеміз. Сондықтан дәл қазір ынтымақтастығымызды нығайту үшін қолайлы сәт», — деді Еуропалық комиссия президенті. Ол өзара түсіністік туралы меморандум ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталғанын атап өтті. 

26.10.2026
Panasonic күн энергиясын өндіретін әйнекті жаппай шығаруды 2029 жылы бастайды
26.10.2026
Гайана шалғайдағы үш ауылда күн электр станцияларын іске қосты
26.10.2026
Әзербайжан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы 840 млн текше метр газ үнемдеді
23.10.2026
Astana ESG Forum 2026 5 қарашада елордада өтеді
23.10.2026
Жетісу облысында «Жаркент-2» күн электр станциясы іске қосылды
22.10.2026
Қазақстанда халықаралық инвестицияларды тарту үшін басым климаттық технологиялар айқындалады
22.10.2026
БАӘ жаңартылатын энергия қуатын он жылда 63 еседен астам арттырды
22.10.2026
Қызылордада энергия жинақтау жүйесі бар күн электр станциясының құрылысы басталды
21.10.2026
Филиппинде салынатын КЭС жылына 530 мың тонна CO₂ шығарындыларының алдын алады
21.10.2026
Швейцарияда күн панельдері егістіктен үш метр биіктікте орнатылады
20.10.2026
Qazaq Green мен Sarens Kazakhstan Қазақстанда жаңартылатын энергетика жобаларын дамыту бойынша ынтымақтастыққа келісті
20.10.2026
Африкадағы жел энергетикасының қуаты 11 ГВт-тан асты – GWEC
20.10.2026
Үндістанның ACME Solar компаниясы 437 МВт·сағ энергия жинақтау жүйелерін іске қосты
19.10.2026
Шотландиядағы қуаты 1,8 ГВт гидроаккумуляциялық электр станциясы стратегиялық инвестор тартты
19.10.2026
IRENA басшысы лауазымына екі кандидат ұсынылды
19.10.2026
Энергия жинақтау бойынша әлемдік мақсаттар үш есеге жуық өсті, бірақ COP29 міндеттемесіне әлі жеткен жоқ — Ember
15.10.2026
Нью-Йорк күн энергиясы арқылы табысы төмен отбасылардың электр шотын азайтпақ
15.10.2026
Австралиядағы ең ірі жел электр станциясының жобасы мақұлданды
14.10.2026
2050 жылға қарай әлемдегі ЖЭК қуаты жеті еседен астам артуы тиіс — IRENA баяндамасы
14.10.2026
Нидерландтың Гронинген провинциясында ірі өнеркәсіптік энергия сақтау жүйесі салынады