Қазақстан жаңалықтары23.11.2022
Қуаты 50 МВт ЖЭС Астанада салынады
QAZAQ GREEN. 2022 жылғы 23 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Астана қаласы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 13,33 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, 13,33 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Эврус» ЖШС анықталды. Жобаны Астана қаласында Қорғалжын тас жолы мен Үркер кентінің тұрғын алабына жақын жерде орналастыру жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ және «ЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
Өткізілген аукционның қорытындысы бойынша аукциондық баға 38%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже болып табылады. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
Бакуде жел электр станциясы салынады
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады