Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары24.11.2022

Солтүстік Қазақстан облысында екі компания жиынтық қуаты 50 МВт ЖЭС салады

QAZAQ GREEN.  2022 жылғы 24 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Солтүстік Қазақстан облысы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді,  «ЭҚРҚО» АҚ-ның сайты хабарлайды.

.Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады. 

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,98 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздары болып белгіленген қуаттылығы 15 МВт, 12,98 тг/кВтсағат (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Оркан» ЖШС (Қазақстан) және қуаттылығы 35 МВт, 15,96 тг/кВтсағат (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Африк» ЖШС компаниясы (Ресей Федерациясы) анықталды.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығы) 26-тармағына сәйкес Қатысушы аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімінде 100 киловаттан кем емес және 1 (бір) киловатқа бөлінетін белгіленген қуат көлемін көрсетеді.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, Qazaq Green қауымдастығы және «ЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Өткізілген аукционның қорытындысы бойынша аукциондық баға 39,7%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже болып табылады. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған

.

23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады