Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары26.11.2022

19-24 қараша аралығында өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы

QAZAQ GREEN. 2022 жылғы 19-24 қараша аралығында «ЭҚРҚО» АҚ Сауда алаңында аукциондық және орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.

2022 жылғы 19 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 23 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша сатылған қуаттың жиынтық көлемі – 6044.4 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 5354.4 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша - 690 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны - 23.  Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 589.96 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 7616 МВт құрады.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерімен мына жерден танысуға болады (мәмілелердің тізілімі).

2021 жылғы 21 қарашада «ЭҚРҚО»АҚ-да ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 6 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 342 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны - 6.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 586,77 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 377 МВт құрады.

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында ҚР БЭЖ батыс аймағы үшін ЖЭК бойынша жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станцияларын іріктеу бойынша сегізінші аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясын өткізу барысында қатысушылармен 31 баға ұсынысы берілді, жобалардың бірлік қуаты 50 МВт құрады. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 350 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 14,51 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компания жеңімпаз болып анықталды: «Sarkylmas Kuat» ЖШС (Гонконг), жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 14,51 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының маңында орналастыру жоспарлануда.

2022 жылғы 21 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 6 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған саудасаттығының қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жиынтық көлемі 484,5 МВт құрады, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша - 434,5 МВт және ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облысы бойынша – 50 МВт. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны - 3.  Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 588,97 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 604 МВт құрады.

2022 жылғы 22 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Ақтөбе облысы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 10 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,99 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, 14,51 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Next Green Energy» ЖШС  (Қазақстан-Қытай) анықталды.

Аукциондық баға 39,7%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже болып табылады. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

2022 жылғы 23 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Астана қаласы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, 13,33 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Эврус» ЖШС анықталды. Жобаны Астана қаласында Қорғалжын тас жолы мен Үркер кентінің тұрғын алабына жақын жерде орналастыру жоспарлануда.

2022 жылғы 24 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Солтүстік Қазақстан облысы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді.

.Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады. 

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,98 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздары болып белгіленген қуаттылығы 15 МВт, 12,98 тг/кВтсағат (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Оркан» ЖШС (Қазақстан) және қуаттылығы 35 МВт, 15,96 тг/кВтсағат (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Африк» ЖШС компаниясы (Ресей Федерациясы) анықталды.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығы) 26-тармағына сәйкес Қатысушы аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімінде 100 киловаттан кем емес және 1 (бір) киловатқа бөлінетін белгіленген қуат көлемін көрсетеді.

Өткізілген аукционның қорытындысы бойынша аукциондық баға 39,7%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже болып табылады. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

.

 

 

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін