Қазақстан жаңалықтары30.11.2022
Қазақстан мен Франция жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісті
QAZAQ GREEN. 2022 жылғы 30 қарашада Париж қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Франция Республикасының Үкіметімен «Жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы» арнайы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Келісім республикалар арасындағы, атап айтқанда, декарбонизация және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы ұзақ мерзімді екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
ЖЭК-пен жасыл технологияларды өндіру жөніндегі арнайы Келісімнің мақсаттарына жауап беретін ірі жобаларды дамыта отырып, Қазақстан Республикасы 2030 жылға қарай өндірілетін жаңартылатын энергия үлесін - электр энергиясын өндіруде 15% - ға дейін ұлғайту жөніндегі өз мақсатына қол жеткізуге айтарлықтай жақындап келеді.
2026 жылы іске асыру жоспарланып отырған осындай ірі жобалардың бірі Жамбыл облысында (Мирный кенті) қуаты 1 ГВт, 300МВт-600МВтс энергия жинақтау жүйесі бар жел электр станциясын ұзақ мерзімді электр энергиясын тәуелсіз өндіруші Total Eren және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобымен салу болып табылады.
Жоба шеңберінде көмірқышқыл газы (СО2) шығындыларын жыл сайын кем дегенде 2 миллион тоннаға қысқарту күтілуде, сондай-ақ қазақстандық қамту көзделуде.
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы тиісті құзыреттер орталығы құрылады және 2000-нан астам уақытша және тұрақты жұмыс орындары құрылады.
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
Бакуде жел электр станциясы салынады
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады