Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары01.12.2022

Айнұр Соспанова: Орталық Азия елдері өңірдегі ЖЭК орасан зор әлеуетін игеру бойынша өз күштерін біріктіруі тиіс

QAZAQ GREEN.  Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Жапония үкіметімен бірлесіп Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық банкімен (JBIC), Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) және серіктес-ұйымдастырушылармен бірлесіп Жапонияның Токио астанасында «Орталық Азия бойынша ЕҚДБ инвестициялық форумы: тұрақты өсу үшін көпірлер салу» (Central Asia Investment Forum: building bridges for sustainable growth) формумын өткізеді.

Форумда жетекші халықаралық сарапшылар сөз сөйледі, тұрақты дамуға баса назар аудара отырып, саудадан энергетика мен инфрақұрылымға дейінгі жоғары инвестициялық әлеуеті бар секторларға шолулар ұсынылды.  

Токио, форум ЕББР

Қазақстан атынан «Энергетикалық секторды қайта құру - Орталық Азиядағы таза энергия» форумының панельдік сессиясында Qazaq Green ЖЭК қауымдастығының басқарма төрағасы Айнұр Соспанова сөз сөйледі.

Оның айтуынша, Орталық Азия елдері экологиялық таза энергияға көшудің қажеттілігі мен артықшылықтарын көбірек түсінуде. Жаңартылатын энергияны пайдалануды арттыру арқылы үкіметтер климаттық мақсаттарға қол жеткізе және энергия қауіпсіздігін арттыра алады. 

«Орталық Азияның жаңартылатын энергетика бойынша орасан зор әлеуетін тиімді игеру үшін Орталық Азия елдері өз күштерін біріктіруі тиіс. Керісінше жағдайда, жаңартылатын энергетиканы энергия жүйесіне біріктіру қиын болады», - деп есептейді Айнұр Соспанова. 

Ұйымдастырушылардың болжамынша, 2023 жылы Орталық Азия елдерінің экономикасы өсіп, геосаяси күйзелістерге төзімділік танытып, ақылға қонымды инвесторлар үшін мүмкіндіктер туғызатын болады.   

Энергетика секторына инвесторлар үшін нақты мақсаттармен және белгілермен, қолайлы реттеуші ортамен, өңіраралық интеграциямен және неғұрлым экологиялық технологияларды енгізумен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану ауқымын кеңейтудің ұзақ мерзімді стратегиясы қажет.

Алайда, бұл салаларда, мысалы, халықтың хабардарлығын арттыру, көмірсутектердің үстемдігін жеңу, жаңартылатын энергия көздерінен үзіліссіз жеткізілімдерді сіңіру және капитал көздерін жұмылдыру үшін электр желілерінің әлеуетін нығайту қажеттілігін қос алғанда, проблемалар бар.   

Естеріңізге сала кетейік, ЕҚДБ Қазақстан мен Өзбекстан сияқты қазба отындарын экспорттаушылардан бастап, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанның гидроэнергетикасына бай отындарына дейін Орталық Азия өңіріндегі энергетикаға байланысты саясат пен инвестициялар саласында жұмыс жүргізуде.

 

 

 

24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады